Конфликт өз шешімін тапты!

Алауcыздықты реттеу туралы шешімнің тапсырылуы
Алауcыздықты реттеу туралы шешімнің тапсырылуы

Қолайлы болған коммерциялық банк қызметіне жүгіне отыра арыз жазып, ұсынылған бланк үлгісін толтырып, ипотека келісім шартын түзіп, керекті соманы несиеге алу күрделі жұмыс емес тәрізді. Осылайша қарыз алушы Е. жол тұтты.

Қарызға алынған ақша өте тиімді болды: балалардың оқу ақысы тез төленіп, керекті заттар сатып алынып, басқа да тірліктер орындалды.

Алғашқы жылдары несиенің төлемақысымен қарызға берілген ақшаны қолдануының пайызын өтеу ешқандай қиындық туғызған жоқ.

Алайда нарық жағдаяты өзгеріп, отбасы табысы тұрақтылығы нашарлап, жоғары төленетін жұмысты табу да қиынға соқты.

Ай сайынғы несие жарнасы проблемаға айналды. Несие мерзімін ұзарту туралы банк менеджерлерімен болған аузекі келіссөздер нәтижесіз болып, ақыр аяғында қарым қатынасты да бұзды.

Тоқсан күн өткен соң коллекторлық компанияның қызметкерлері өз жұмыс әдістерімен қарыз алушының тыныштығын бұзды, әсіресе түнгі қоңыраулары қарызгерді күйгелектетті.

Е. таныстары арқылы кездейсоқ Банк омбудсманы туралы есітіп білді. Банк омбудсманымен болған бірінші кездесуінде жағдайдың мән-жайы айқындалып, қарызгердің жазбаша түрдегі арыздарының және оған сәйкес кері жауаптардың жоқтығы тұрлаусыздыққа әкелді. ҚР Азаматтық кодексіне сәйкес құрастырылған несие шарт талаптарын орындамағандықтан банкпен емес, керісінше заңнамамен келіспей отырғанын қарызгер түсінді.

Банк омбудсманы қарыз алушы несие шарттарында көрсетілген талаптарды орындаудан бас тартпай, жайдайды түзеуге келіссе, өз көмегін ұсынатын болды.

Жағдайды ары қарай айқындау мақсатында Банк омбудсманы несиегерлік берешек, есептелген айыппұлмен өсімақы туралы және қарызгердің несие тарихы жайлы қосымша мәліметтерді ЖШС «Бірінші кредиттік бюродан» алып, қарызды коллекторлық компанияға өткізілуінің заңдылығын тексерді.

Банк филиалының басқармасымен кездесіп, тап осы қарызға болған банк ұстанымы анықталды. Банктің іс-әрекеттері әрдайым жүйелі түрде болмаған екен. Егер қарыздың мерзімінің өтуінің алғашқы кезеңінде банк менеджерлері оперативтік шешім қабылдағанда дефолттың алдын алуға болатын еді. Бірақ олай болмай, қарыз алушының онсыз да қиын жағдайы ауырлаған.

Банк қарыздың коллекторлық компанияға өткізілгенін негіздей алған жоқ.

Қарыз алушы арызының қарастырылуының соңғы кезеңінде Банк омбудсманының ұсынысымен келесі бітімге қол жеткізілді:

Қарыз өтеу шарттарын жеңілдету мақсатында банк уәкілетті органымен есептелген айыппұл мен өсімпұлды есептен шығарылып, уақытша тіркелген әр ай сайынғы төлем белгіленіп, қарызды коллекторлық компанияға өткізілуі туралы шешімнің күші жойылды.

Қарыз алушымен келісілген Банк омбудсманы шешімі қызмет көрсетуші банкпен түзілген бітімді өзінде қамтиды.

ҚР заңнамасына сәйкес Банк омбудсманы қызметтері ақысыз екендігі қарыз алушыға жағымды күтпегендік болды.

Бұл тек қана Банк омбудсманы қарастырған 700-ден астам арыздардың бірі.