VІІ АСТАНА ЭКОНОМИКАЛЫҚ ФОРУМЫ

Банк омбудсманы делегат ретінде VІІ Астана экономикалық форумы мен Дағдарысқа қарсы ІІ дүниежүзілік конференция жұмысына қатысты.

Іс-шара 21-23 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Президенті Н.А. Назарбаветың, әлемдік деңгейдегі сарапшылар қаумдастығының, халықаралық ұйымдардың, ұлтаралық компаниялардың, Нобель сыйлығының иегерлерінің және экономика ғалымдарының қатысуымен болып өтті. Форумдардың шеңберінде қатысушылар инновация, бизнес және экономиканың өнеркәсіп саласындағы соңғы зерттемелерді талдап өтті. Форумдар кәсіби байланыстарды нығайтуға мүмкіншілік береді.

Анықтама үшін: Астана экономикалық форумы әлемнің ең ірі халықаралық форумдарының бірі болып табылады. 2008 жылдан бастап АЭФ қазіргі заманның басты экономикалық және әлеуметтік қарсылықтарымен күресу бойынша шешімдер іздестіру үшін жыл сайын жаһандық көшбасшыларды, сарапшыларды және бизнес-қауымдастықтардың өкілдерін жинайды.

АЭФ