ОМБУДСМАН САЙЛАУЫ ӨТТІ

Банк омбудсманын сайлау бойынша банктер, ипотекалық компания және “Ел бірлігі” республикалық қоғамдық бірлестігі өкілдері Кеңесінің кезектен тыс отырысы өтті.

Жасырын дауыс беру нәтижесінде Банк омбудсманы болып Сийрбаев Ерсерік сайланды.

Банк омбудсманы өкілдер Кеңесінің көпшілік дауысымен сайланады, ал дауыстардың тең жағдайында шешуші дауысқа реттеуші ие.

Сийрбаев Ерсерік банктік және карталық технологиялары саласындағы негізгі құрастырушыларының бірі. 2013 жылдың шілде айынан бастап Қазақстан Республикасындағы банк омбудсманы болып табылады, банк саласындағы жалпы тәжиребесі 40 жылдан асады.

Банк омбудсманының қызметі және оның үәкілетті мерзімі «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен реттеледі.