Алматы қаласында көшпелі қабылдау өтті

«Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалында «Нұр Отан» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Жүкенов Жұмажан Қамкенұлы, «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жұлдыз Омарбекова, Қазақстан Республикасының Банк омбудсманы Ерсерік Сиырбаев, ҚР Ұлттық банкі қаржылық қызметтерде тұтынушылардың құқығын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасы төрағасының орынбасары Иман Әл-Кейси, сонымен қатар тұрғын үй және ипотекалық несиелер сұрақтары бойынша екінші деңгейдегі банктердің қатысуымен азаматтардың көшпелі қабылдауы ұйымдастырылды. Азаматтарды қабылдау барысында Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» халыққа Жолдауы,  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы, мемлекеттік және партиялық бағдарламалары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, өзекті сұрақтарға жауап алу мүмкіндігі қарастырылды. Шағымданған азаматтарға арнайы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 69 қаулысымен бекітілген Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын қайта қаржыландыру аясындағы мемлекеттік бағдарламаның шарттары және механизмдері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, екінші деңгейдегі банк өкілдерімен өзекті сұрақтардың шешілу жолдары бойынша жұмыстар жүргізілді. Аталған Бағдарлама ипотекалық және тұрғын үй несиелерді өтелуіне жеңілдіктерді қарастыруға бағытталған, ең бастысы Бағдарлама әлеуметтік жағдайы төмен тұрғындарға қолдау көрсетуге бағытталған. Қабылдауға келген азаматтарға білікті заңдық көмек көрсетіліп, кейбір жіті қарастыруды талап ететін сұрақтар партияның бақылауына алынды. – Өткен жылы біздің қоғамдық қабылдау бөлімінде 230 мыңнан астам адам қабылданды. 2017 жылдың бірінші жарты жылдығында көрсеткіш 121 мыңға жетті. Әр азамат өзін толғандырған мәселесімен келеді. Бұл банк саласындағы сұрақтарға да қатысты. Біз тұрақты түрде Ұлттық банк өкілдерімен қабылдау өткіземіз және банк омбудсманы қатысуымен сот алдындағы істердің қаралуы өткізіледі. Сонымен қатар, олар бізбен алыстағы ауылдық аймақтарға барып, бірлесе осындай жұмыстарды орындаймыз. Кезінде «Нұр Отан» партиясының Төрағасы, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қиын кезеңдерде біз банктерге қолдау көрсеттік, енді банктердің мемлекетке және партияға тұрғандардың мәселелерін шешуге қолдау көрсететін уақыты келді», деген еді. Партия азаматтардың дауысын естірту үшін ықпал етеді. Себебі адамдар кейбір кездерде шағымдарымыз, сұрақтарымыз шешілмеді деп айтады. Кейде орынды кеңес берілмей қалады, шағымдар тыңдалмайды. Партиялық алаңға келіп, біздің тұрғындардың мәселелерінің шешілуіне жол табылып жатады, – деп қабылдау барысындағы үзілісте атап өтті Республикалық қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Жұмажан Қамкенұлы.


Қабылдау барысында қала және облыс тұрғындарына «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру» бағдарламасының тәртібі мен шарттары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Партияның қалалық және аудандық филиалдары қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында оқыту-әдістемелік семинар ұйымдастырылып, онда «Партияның электрондық қоғамдық қабылдау бөлімі» ақпараттық жүйесін және «Депутат блогы» модулін қолдану сұрақтары қарастырылды. Іс-шара аясында партияның Республикалық қоғамдық қабылдау бөлімі қызметкерлері әлеуметтік жағдайы төмен жанұяларға азық-түлік кәрзеңкелерін ұсынды. Сондай-ақ «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында партия және еңбек ардагерлеріне алғыс хаттарды және сыйлықтарды табыстау рәсімі өтті. «Нұр Отан» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Жұмажан Жүкенов партияның Алмалы, Бостандық және Әуезов аудандық филиалдарының жұмысымен және «Достық» бастауыш партия ұйымы  Әуезов бөлімінде орналасқан «Азаматтарға арналған үкімет» МК қызметімен танысты. Іс-шара қорытындысы бойынша әдістемелік және тәжірибелік ұсыныстар берілді.  Жұмыс іс-сапарының аяқталу барысында «Нұр Отан» республикалық қоғамдық қабылдау бөлімі партияның аудандық филиалдарында және бастауыш партия ұйымдарында тұрғандарды қабылдады.

Материал келесі сілтемеден алынды: http://nurotan.kz/single-news?id=viJdQmBxYa9nMQcPJ&lang=kz