Ынтымақтастық жалғасуда

«Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратының қызметкерлері үшін Банк омбудсманымен ынтымақтастық туралы Меморандумға қосымша келісімге қол қою рәсіміне арналған дөңгелек үстел өткізілді.

Партияның Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі мен Банк омбудсманының бірлескен іс-шаралары арқылы азаматтарды қабылдау және қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ауқымды жұмысы жүргізілді. 2014 жылдың ақпан айында Меморандумға қол қою кезінен бастап, 481 адамдарға кәсіби құқықтық көмек көрсетілді, және партия филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмедерінде 37 қабылдауы өткізілді. Сондай-ақ, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру үшін де бірлескен іс-шаралары орын алды.

Дөңгелек үстелбасында «Нұр-Отан» партиясының хатшысы Қаныбек Жұмашев, Банк омбудсманы Ерсерік Сийрбаев, партияның Астана қалалық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Бахыт Сапаров, ынтымақтастықты дамыту жолдарына көңіл бөліп сөз сойледі.

Дөңгелек үстел соңында, ынтымақтастық туралы Меморандумға қосымша келісімге қол қою рәсімі өткізілді.