ТМД банктік қауымдастықтардың Үйлестіруші Кеңесінің отырысы

2017 жылы 26 қазанда Баку қаласында ТМД, Орталық және Шығыс Еуропа (Халықаралық банктік Кеңес, ХБК) банктік қауымдастықтардың Үйлестіруші Кеңесінің отырысында қаржы нарығындағы қаржы омбудсмандары институттарының қызметі талқыға салынды.

Отырыста түрлі мемлекеттердегі қаржы қызметінің тұтынушылары мүдделерін қорғау сұрақтары бойынша пікірлер мен тәжиребелер алмасуы өтті.

Ерекше қызығушылықты банк омбудсманы Е.Сийрбаев баяндама жасаған Қазақстанның бактер қауымдастығының презентациясы тудырды.

ХБК Төрағасы Мурычев А.В. Қазақстанның банк қауымдастығының жұмысын және қаржы қызметінің тұтынушылар құқықтарын қорғау бойынша заңшығарушылық негізінің ахуалын жоғары бағалады.

Ерсерік Сийрбаев Конференция қорытындысы бойынша AzTV телеарнасында өткен брифингке қатысты.

Конференция материалдары ХБК Үйлестірушілік Кеңесінің жиынтық есебінде және «Қазақстан банктері» журналында бейнеленеді.