Келісімге келуге үйренеміз

2017 жылы 28 қарашада банк омбудсманы кеңесшісі Ибрагимов Руслан «Әділет» колледжінің 3-ші курс студенттеріне «Банк омбудсманы. Банктік қарыз бойынша қайшлықтарды реттеудің құқықтық негіздері» тақырыбында дәріс өткізді.

Дәріс барысында банктік қарыз және оның ерекшеліктері сияқты түсініктемелері қарастырылды. Сонымен қоса қарыз келісім-шарты мазмұны мен формасына акцент қойылды. Ұлттық банк нормативтік актілері, банк және микронесиелендіру секторларының қызметін реттейтін өзге де заңдарды оқып білу ұсынысы берілді.

Негізгі назар қарыз келісім-шартының талаптары бұзылғанда құқықтық салдарына бағытталды. Кешіктірілген қарызды қайтару бойынша қаржы институтының құқықтары мен әрекеттері, сонымен бірге қаржы институтымен мәселелерді реттеу амалдары толық талқыланды.

«Әділет» колледжінің әкімшілігі Банк омбудсманы кеңсесіне құқық саласындағы мамандарды әзірлеу процессіндегі ынтымақтастығы үшін алғыс білдірді.