ҚҚҚ-дағы көзқарастар салыстырмасы

Банк омбудсманы ықыласымен «Қазақстан Қаржыгерлер Қауымдастығы» ЗТҰ-да жеке тұлғаның басқа банктерде өз қарызын қайта қаржыландыру кезінде кепілдікке тапсырылған мүлікті қосымша ауыртпалыққа беру (қайта кепілдендіру) тежірибесі талқыға салынды.

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 311 бабы және екінші деңгейдегі банктердің құқық қолдану тәжірибесі аясында банк омбудсманының қайшылықтарды реттеу ерекшеліктері қарастырылды.

Отырыстың қатысушылары – екінші деңгейлі банктердің өкілдері, реттеуші және ҚҚҚ арасында пікір-ойлардың тыңғылықты және пайдалы алмасуы болып өтті.

Пікір алмасу барысында аталған мәселе қатысты түрлі амал-тәсілдер мен мүдделер шиеленісі бар екендігі айтылды.

Қорытындысында банк омбудсманы Ерсерік Сийрбаев екінші деңгейдегі банктерді жеке тұлғалардың басқа банктерде өзіне тиімді шарттар кезінде қайта кепілдікке тапсыру және қайтақаржыландыру мәселелері бойынша өтініштерге мұқият қарауға шақырды.

Отырысты ҚҚҚ Құқықтық қамтамасыз ету орталығының Басқарушы директоры А.Утеугулов өткізіп, Қазақстан Қаржыгерлер Қауымдастығы алаңында қаржы қызметін тұтынушылары құқықтарын қорғау мәселелерін реттеу бойынша банк омбудсманы институтымен ынтымақтастықты әрі қарай жалғастыруға дайын екендігін білдірді.

Автор:  А.Жауарова – Банк омбудсманы кеңесшісі.