Электрондық үкімет порталы «Дербес кредиттік есепті алу» қызметін іске қосады.
Бұл туралы «ҰАТ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Талғат Ысмағамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды тілші BNews.kz. Порталдың әрбір пайдаланушысы өзінің кредиттік тарихын 15 минут ішінде ала алады немесе тексере алады egov.kz. Қызмет «Салық және қаржы» айдарында, «Экономика және қаржы» бөлімінде орналасқан. Есепті алу үшін кез келген қазақстандық банктің төлем картасы және электрондық-цифрлық қолтаңбасы (ЭЦҚ) болуы қажет. Кредиттік бюролар және кредиттік тарихты қалыптастыру туралы заңның 21-бабының 2-тармағына сәйкес күнтізбелік жыл ішінде бір рет өзі туралы кредиттік есепті тегін алуға құқылы. Аталған қызметті алу үшін порталда күнтізбелік бір жыл ішінде қайтадан жүгінген жағдайда төлем 500 теңгені құрайды (400 теңге кредиттік бюро тарифі және 100 теңге төлемді порталдың төлем шлюзі арқылы жүргізгені үшін банк комиссиясы) ", - деді тұсаукесер барысында Талғат Ысмағамбетов. Сондай-ақ, ол дербес кредиттік есепте несие бюросына екінші деңгейлі банктерден, лизингтік және тауарлар мен қызметтерді бөліп-бөліп ұсынатын өзге де компаниялардан келіп түсетін несие алушы туралы және оның өз міндеттемелерін орындағаны туралы барлық ақпарат қамтылғанын атап өтті. Есеп оған банктерден және басқа да кредиттік ұйымдардан келіп түскен қарыз алушының кредиттік тарихындағы сұрау салулардың санын көруге мүмкіндік береді.
Дереккөз: news.nur.kz