Опубликовано: Автор:
2017 жылы 19-20 қазанда Мәскеу қаласында қаржы қызметін тұтынушылардың құқықтарын қорғаудағы мемлекеттік реттеудің үздік дағдылармен алмасу және айқындау мақсатында «Қаржы саласындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау: жаһанды кеңістіктегі сын-тегеурендер мен келешегі» тақырыбындағы Халықаралық конференциясы өтті.
Конференция жұмысын Ресей Федерациясы Мемлекеттік Думаның қаржы нарығы бойынша Комитет Төрағасы Аксаков Анатолий Геннадьевич кіріспе сөзімен ашты.
Конференцияның қатысушылары назарына қаржы қызметін тұтынушылардың құқықтарын қорғаудағы халықаралық принциптеріне бірден-бір шолу ұсынылды.
Конференцияда ұйымдастырушылардың шақыруымен Қазақстанның банк омбудсманы Ерсерік Сийрбаев және сақтандыру омбудсманы Андрей Копов, сонымен қоса Арменияның қаржы бітімгерушісі Пируз Саргсян мен Тұтынушылардың бүкіләлемдік ұйымы өкілі Симпсон Робин баяндамалар жасады.