www.bank-ombudsman.kz
office@bank-ombudsman.kz
+7 (727) 261-22-16
+7 (708) 983-30-16
+7 (727) 983-30-16
ЖАҢАЛЫҚТАР Ескі жаңалықтар
Нуарыз 11, 2021

Шамамен 1,5 мың ипотекалық қарыз алушыларға 13 млрд теңгеге көмек көрсетілді

2021 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша халықтың әлеуметтік осал тобы (ХӘОТ) санатына жатқызылған және жалғыз баспанасы банктің балансында тұрған 1 494 қарыз алушыға қосымша көмек көрсетілді. Көмек сомасы 13 млрд теңгені құрады.

2020 жылдың басынан бері Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасының үшінші блогын іске асыруда. 

Бағдарламаның үшінші бөлігінің барлық шығыстарын өтеу үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 44,6 млрд теңге бөлді. Ипотекалық қарыз алушыларға көмек 2021 жылғы 1 шілдеге дейін көрсетіледі. Шамамен 8 мың азаматқа қолдау көрсетіледі деп жоспарланып отыр. Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасының өлшемшарттарына сәйкес келетін және қарыздарын өтеуде қиындық туындап жатқан қарыз алушылар борыш жүктемесін азайту үшін кредитор банктеріне жүгінуге құқылы.

Банктерге қарыз алушының қаржылық және әлеуметтік жағдайына жасалған талдау негізінде негізгі борышты азайту, ай сайын 20 мыңнан бастап төлейтін және қарыз алушының ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен емес кірісін сақтайтын жеңілдік берілген кестелер белгілеу түрінде борыш жүктемесін жеңілдетудің қосымша тетіктерін жеке тәртіппен қолдану құқығы берілді. Еске салатын жайт, банктер қарыз шарты және кепіл шарты бойынша үшінші тұлғалардың, қоса қарыз алушылардың, кепілгерлердің, кепіл берушілердің жалақысын ипотека алушының кірісіне есепке алмайды. Мемлекеттік бюджеттен және (немесе) мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдер және алименттер де кіріс ретінде танылмайды.

Егер қарыз алушыда жалғыз баспана болып, ол банктің балансына берілген болса, мұндай жағдайда қаржы институттарына клиентке жылдық 3%-дық сыйақы мөлшерлемесін тағайындау не оған кейіннен сатып алатындай етіп жалға баспана беру құқығы беріледі. 

Сондай-ақ Агенттік жалғыз баспанасы бар азаматтар үшін 2004 – 2009 жылдардағы кезеңде берілген ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыруды көздейтін Бағдарламаның бірінші бөлігін іске асыруды жалғастыруда. Мәселен, Бағдарламаның бірінші бөлігі шеңберінде 169,4 млрд теңге сомаға 27,9 мың қарыз (2021 жылғы 1 ақпандағы деректер) қайта қаржыландырылды. Іске асыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 130 млрд теңге бөлді. Қарыз алушы үшін қайта қаржыландырылатын қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 3%-дан аспайтын мөлшерде белгіленеді.

Қарыз бойынша бұған дейін капиталдандырылған сомалар шегеріле отырып, негізгі борыш қалдығы қайта қаржыландырылуға тиіс, қарыз алушының сыйақы, комиссиялар, айыпақы бойынша берешегін банктер кешіруге тиіс. Сонымен қатар қарыздары бойынша борышты банктің пайдасына өндіріп алу туралы сот актілері бар ХӘОТ-қа жататын қарыз алушылар мемлекеттік баж салығын төлеуден босатылған.

Айта кетерлігі, Бағдарламаның азаматтардың валюталық ипотекалық қарыздарын конвертациялауды көздейтін екінші бөлігі қазіргі кезде аяқталды. Бағдарламаның жоғарыда айтып өткен бірінші және үшінші блоктары іске асырылып жатыр.

Тұтастай алғанда, Бағдарламаны іске асырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін Қазақстанның барлық өңірінде Банктердің қарыздарды қайта қаржыландырудан бас тартуына қарыз алушылардың шағымдарын қарау жөніндегі комиссиялар жұмыс істейді. Комиссиялардың құрамына Агенттіктің өңірлік өкілдері, әкімдіктер, мүдделі мемлекеттік органдар және қоғамдық бірлестіктер кірген.

Агенттіктің сайтында банктердің қарыз алушылармен өзара іс-қимыл жасайтын қызметкерлерінің байланыс телефондары және қосымша көмек көрсету мәселесін қарау үшін қажетті құжаттар тізбесі орналастырылған. Сонымен бірге бізің сайтта «кері байланыс» функциясымен Бағдарлама бойынша жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар орналастырылған. 

Сілтеме: https://fingramota.kz/kk/news/post/shamamen-15-my-ipotekaly-aryz-alushylar-13-mlrd-tegege-kmek-krsetildi

Басқада жаңалықтар