www.bank-ombudsman.kz
office@bank-ombudsman.kz
+7 (727) 261-22-16
+7 (708) 983-30-16
+7 (727) 983-30-16
ЖАҢАЛЫҚТАР Ескі жаңалықтар
Қыркүйек 01, 2021

Бүгін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында қазақстандықтарға жеткіліктілік шегінен асатын зейнетақы жинақтарының бір бөлігін «Отбасы банкіндегі» есепшотқа аударуға рұқсат беруді тапсырды. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл шара қаражат жинау және оларды сауатты басқару әдетін ынталандырады.

Жалпы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын қолдану бастамасының оң динамикасын атап өтті. Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) Президенттің бастамасын қолдайды. Себебі бұл бірінші кезекте жас қазақстандықтарға тұрғын үйге тезірек қол жеткізуге көмектеседі.

 «Бүгінде елімізде жыл сайын 120 мыңға жуық жас отбасы отау құрады. Алғашқы жылдары ерлі-зайыптыларға жеке пәтерге немесе үйге қаражат жинау оңай емес. Оларға қолдау қажет. Осы орайда мемлекет басшысының бастамасы – аса қажет шешім болды. Бұл қазақстандықтарға Отбасы банкінде ақша жинау мерзімін іс жүзінде екі есе қысқартуға және қоныс тойын әлдеқайда ертерек тойлауға мүмкіндік береді. Біздің бағалауымыз бойынша, алғашқы жылы бұл мүмкіндікті 190 мыңға жуық жас отбасы пайдалана алады. Сондай-ақ 15 мың отбасы жыл сайын депозит ашатын болады», - деді «Отбасы банк» АҚ Басқарма Төрайымы Ләззат Ибрагимова.

Қазіргі кезде 250 мыңға жуық қазақстандық Отбасы банк арқылы жалпы көлемі 1,4 триллион теңгеден астам сома зейнетақы жинақтарын пайдаланды. Жас шамасын алсақ, БЗТ 36-45 жас аралығындағы азаматтар (46,1%) көбірек пайдаланған, ал 26-35 жас аралығындардың үлесі 18,5%. 18-25 жас аралығындағы салымшылардың 0,2% ғана зейнетақы қорынан қаражаттарын алған.

Мемлекет басшысының жаңа бастамасы жағдайды жақсы жаққа өзгертеді және қазақстандық отбасылардың әлдеқайда көп бөлігіне баспана мәселесін шешуге мүмкіндік береді.

Сілтеме: https://hcsbk.kz/news/press_relize/aza-standy-tar-zeyneta-y-zhina-taryn-otbasy-bank-a-depozitterine-audaru-m-mkindigin-alady/

Басқада жаңалықтар