www.bank-ombudsman.kz
office@bank-ombudsman.kz
+7 (727) 261-22-16
+7 (708) 983-30-16
+7 (727) 983-30-16
ЖАҢАЛЫҚТАР Ескі жаңалықтар
Суәір 19, 2022

 

2022 жылы 19 сәуірде бейнеконференц байланыс арқылы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің қаржылық уәкілетті қызметтері Консультативтік комитетінің бірінші отырысы өтті. Консультативтік комитетті құру туралы шешім 2021 жылғы 30 қарашада ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің қаржы комиссарлары қызметтері өкілдерінің конференциясында қабылданды.  

Консультативтік комитеттің негізгі мақсаты қаржылық қызметтерді тұтынушылар мен қаржы институттары арасындағы дауларды сотқа дейін реттеу саласында ұсыныстар, ұсынымдар дайындау және консультациялар өткізу арқылы қаржы комиссарларының қызметтерінің ортақ тәсілдерін әзірлеу болып табылады.  

Комитет отырысына: Воронин Ю.В. – Ресей Федерациясының Бас қаржы комиссары, Сиырбай Е.Д. – Қазақстан Республикасының банк омбудсмені, Завалко П.А. – Қазақстан Республикасының сақтандыру омбудсмені, Мнацаканян В. – Армения Республикасының қаржы жүйесінің бас медиаторы қатысты.   

Отырыс барысында Комитет төрағасы сайланып, Консультативтік комитет туралы ереже бекітіліп, алдағы кезеңге арналған іс-шаралар жоспары талқыланды.  Қазақстан Республикасының Банк омбудсмені Сийырбай Е.Д. және басқа да отырысқа қатысушылар Комитет отырыстарының қарауына сұрақтар қойылды. Консультативтік комитетінің келесі отырысы 2022 жылдың қараша айына жоспарланған.  

Басқада жаңалықтар