Жеке тұлғалардың дауларын сотқа дейінгі реттеу

қаржы ұйымдарымен

Банк омбудсманы – банк пен қарыз алушы – жеке тұлға арасындағы банктік қарыз шартынан туындайтын келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға болып табылады

Құрметті достар!

Сізді Банк омбудсманының парақшасында қарсы алуға қуаныштымын.

Банк ұйымдарымен өзара қарым-қатынаста ерекше назар аударуды талап ететін даулы жағдайлар болуы бәрімізге аян, атап айтқанда, банктік қарыз шарттары бойынша міндеттерді орындау барысында қарыз алушы мен банк арасында келіспеушіліктер туындауы мүмкін. Банк омбудсманы ретінде маған мұндай жағдайларды қарастыруға және оларды заңды түрде шешуге көмектесу рұқсат етілген.

Менің басты міндетім — қарыз алушының өтініші негізінде жеке тұлға банкпен жасасқан банктік қарыз шартынан туындайтын келіспеушіліктерді реттеу. Сондай-ақ қарыз алушы-жеке тұлға мен коллекторлық агенттік арасында туындайтын келіспеушіліктерді дәл осындай қарыз алушымен жасалған банктік қарыз шарты бойынша реттеуді жүзеге асырамын. Бұл міндеттің мақсаты қарыз алушы мен банктің, коллекторлық агенттіктің құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қанағаттандыру арқылы келісімге қол жеткізу болып табылады.

Осылайша, егерде сізде банктік қарыз шартына байланысты банкпен немесе коллекторлық агенттікпен дау туындаған жағдайда және ол ұйыммен тікелей реттелмеген болса, Банк омбудсманына жүгінуге құқығыңыз бар. Банк омбудсманы ретінде мен өзара қолайлы шешім табуға және сіздің заңды мүдделеріңізді қорғау үшін бар күшімді саламын. Мен және менің ұжымым сіздің жағдайыңызды қолданыстағы заңнамаға сәйкес және шарт талаптарына сәйкес қарастырамыз.

Құрметпен,
Банк омбудсманы
Дархан Нұрпейісов

Жаңалықтар

Пікірлер

Өтініштер статистикасы

Жыл басынан бері

0

Қаңтар

0

Ақпан

0

2025 жылға

0

Сәуір

0

Мамыр

0

Маусым

0

Шілде

0

Тамыз

0

Қыркүйек

0

Қазан

0

Қараша

0

Желтоқсан

0