www.bank-ombudsman.kz
office@bank-ombudsman.kz
+7 (727) 261-22-16
+7 (708) 983-30-16
+7 (727) 983-30-16
Ипотекалық несие алуға шешім қабылдағандар үшін бес ереже

1. Ипотекалық мәмілені ресімдеу кезінде туындайтын бір жолғы шығыстар қандай соманы құрайтынын шекті дәлдікпен анықтаңыз, бұл сомаға ие екеніңізді анық түсініңіз.

2. Өзіңіздің табыстарыңыздың қай бөлігін ипотека бойынша ай сайынғы төлемге бөлуге болатынын есептей отырып, сіздердің өмір сүру деңгейлеріңіз сыни белгіге дейін төмендемеуі үшін объективті болыңыз. Әрбiр адамның өмiрiнде жұмыстағы немесе отбасындағы проблемаларға байланысты қаржылық қиындықтар туындауы мүмкiн. Сондықтан сіздердің кірістеріңіз несие бойынша төлемді шегергенде қаражаттың қандай да бір бөлігін кейінге қалдыруға және «қауіпсіздік жастығын» жасауға мүмкіндік беруі тиіс. Қаржы сарапшыларының пікірінше, ипотекалық қарыз алушының қаржылық қиындықтар болған жағдайда несие бойынша үш төлем төлеуге арналған сомасы болуы тиіс. Кірістер мен шығыстар теңгерімін ол тек ағымдағы сәтте ғана емес, ұзақ мерзімді перспективада да сақталатындай етіп есептеу қажет.

3. Өз табыстарыңыздың өсу келешегін саралап, қосымша табыстың қандай мүмкіндіктері бар және олар сізге қанша әкелуге қабілетті екенін ойластырыңыз.

4. Егер сізде бала тууды жоспарлап отырсаңыз немесе үлкен шығындар болса - жөндеуге, автокөлік сатып алуға, оқуға және т.б. - мұны ескеріңіз, мұндай жағдайларда ипотекалық несие ауыр жүктемемен жүктеледі.

5. Егер сіз ипотекалық несие бойынша уақытында және толық көлемде төлем жасай алмасаңыз, кепілге салынған тұрғын үйден айырылуыңыз мүмкін екенін барлық жауапкершілікпен түсіну қажет.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Қазақстан Қаршыгерлер Қауымдастығы
Бірінші кредиттік бюро
Сақтандыру Омбудсманы
Ресей Федерациясының Қаржы омбудсмені