Ипотекалық бағдарлама - ипотекалық кредит параметрлерінің жиынтығы. Олар бір-бірінен пайыздық ставканың түрі мен мөлшерімен ерекшеленеді; кредит берілетін валютамен; бастапқы жарнаның шамасымен; кредитті өтеу тәсілімен; кредит беру мерзімімен; кредит қаражатының лимиті; кредиттеу объектісі болып табылады. Ипотекалық бағдарламалардың жекелеген түрi азаматтардың әртүрлi санаттарын тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк бағдарламаларға қатысушыларға арналған. Сіздің қажеттіліктеріңіз бен мүмкіндіктеріңізге оңтайлы сай келетін ипотекалық бағдарлама неғұрлым тиімді болады. Дұрыс таңдау жасау үшін сіздерді қызықтырған ипотекалық бағдарламалардың қадір-қасиеттері мен кемшіліктерін салыстыру қажет.