Егер сіз ипотекалық несие алсаңыз, сізде кредитор/кепіл ұстаушы алдында өзіңіз және өз табыстарыңыз туралы белгілі бір мәліметтерді ұсыну бойынша міндеттер туындайды. Мұндай талаптар кредиттік шартта қамтылады. Шартта көзделген сақтандыруға ақы төлеу туралы ақпарат беру мiндеттi талап болып табылады. Сондай-ақ кредиторға сіздің нақты тұрғылықты жеріңіздің, тіркеу мекен-жайыңыздың, хат-хабар жіберу үшін мекенжайларыңыздың, байланыс телефоныңыздың, отбасы құрамының, неке қию немесе бұзу (неке шартын жасасу, өзгерту немесе бұзу), жұмыс орныңыздың өзгергені туралы жедел хабарлау қажет. Кепiлге салынған тұрғын үйде жаңа адамдарды тұрақты тiркеу және оны жалға беру туралы кредиторды хабардар ету туралы талап стандартты болып табылады. Кепiл ұстаушының кепiлге салынған жылжымайтын мүлiк объектiсiнiң қандай жай-күйде екендiгiн, оның сақталуына тиiстi түрде қамқорлық жасайтыныңызды мезгiл-мезгiл тексеруге құқығы бар. Егер қарыз алушы кредитті қайтару жөніндегі өз міндеттемелерін бұзған жағдайда, кепіл ұстаушы тұрғын үйді сатуды талап етуге және түскен қаражат есебінен қарыз алушының борышын өтеуге құқылы.