www.bank-ombudsman.kz
office@bank-ombudsman.kz
+7 (727) 261-22-16
+7 (708) 983-30-16
+7 (727) 983-30-16
ЖАҢАЛЫҚТАР Ескі жаңалықтар
Қараша 21, 2019

Шығыс Қазақстан облыстық сотында 20 қараша 2019 жылы банктік дауларды болдырмауға бағытталған «Банк омбудсманы. Дауларды сотқа дейінгі шешудің әдістері» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстелге медиаторлар, заңгерлер, адвокаттар, банктердің өкілдері және Шығыс Қазақстан облысының барлық дерлік сот билігі қатысты. Дөңгелек үстел барысында даулардың пайда болу себептері, нормативтік құжаттар мен банктік несиелер саласын реттейтін заңдар, дауларды сотқа дейінгі реттеудің өткір мәселелері қаралды.

Банк омбудсманы Сийырбаев Е.Д. өзінің көпжылдық тәжірибесіне сүйене отырып, дауларды сотқа дейінгі реттеудегі банк және сот билігінің өкілдеріне  ұсыныстарын берді. Сонымен қатар, қаржы институттарының өздері дауларды сотқа дейін реттеу бойынша жұмыстардың тиісті түрде жүргізілуін қамтамасыз ететін заңдар мен сот нормаларын жетілдіру бойынша да ұсыныстарын  берді.

 

Басқада жаңалықтар