2019 жылдың 19 қарашасында Өскемен қаласы «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауында ҚР Ұлттық Банкі және «Нұр Отан» партиясының өкілдерімен бірге банк қызметтеріне қатысты сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдау жүргізілді. Қоғамдық қабылдауға банктерден алынған несиелерге байланысты туындаған проблемалық мәселелері бар азаматтар келді. Әрбір қарыз алушыға кең көлемді заңгерлік кеңестер берілді және кейбір мәселелер Банк омбудсманы және Ұлттық банк филиалының бақылауына алынды.