www.bank-ombudsman.kz
office@bank-ombudsman.kz
+7 (727) 261-22-16
+7 (708) 983-30-16
+7 (727) 983-30-16
ЖАҢАЛЫҚТАР Ескі жаңалықтар
Қаңтар 22, 2020

Банк омбудсманының 2019 жылғы жұмысын қорытындылау бойынша 21 қаңтар 2020 жылы  Банк омбудсманы өкілдері кеңесінің кезекті отырысы өтті. Отырыс барысында ескі жылда атқарылған жұмыстар және 2020 жылға арналған даму жоспарларының жобалары туралы Банк омбудсманы Е.Д.Сийрбаевтың есебі берілді. 2019 жылы Банк омбудсманына азаматтардан 1111 өтінім келіп түскен. Бұл өтінімдердің бірде-бірі жауапсыз не ескерусіз қалған жоқ.

Есепті жыл әлеуметтік аз қамтылған топтар санатына жататын қарыз алушылар мен проблемалы ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасын жүзеге асыруда Банк омбудсманының реттеушімен және Қазақстан Қаржыгерлер қауымдастығымен өзара тығыз әрекеттесуімен сипатталады.

Ал есепті жылдың басты ерекшелігі ретінде банктердің ипотекалық несиелер бойынша мерзімі өткен берешектерді өндіру бойынша сот істерінің айтарлықтай өсуін және сотқа дейінгі талап-арыздар бойынша жұмыстарының қысқаруын  айтауға болады.

Бұл үрдіс елдің сот жүйесіне де әсерін тигізді. 2019 жылы Жоғарғы Соттың бастамасымен «Сот ісін сотқа дейін реттеу» пилоттық жобасы іске қосылды, бұл пилоттық жобада көбіне Банк омбудсманының қызметіне көңіл бөлінген. Пилоттық жоба аясында Қазақстан Республикасы Әділет академиясының профессорлық-оқытушылық құрамы мен магистранттарымен Банк омбудсманының жұмыс кездесулері ұйымдастырылды, сонымен қатар аудандық және облыстық деңгейдегі сот органдарының өкілдерімен 8 дөңгелек үстел өткізілді. Омбудсман мен азаматтық істер бойынша судьялардың өзара шығармашылық әрекеттері барысында сот дауларының сотқа дейінгі сатысында шешілуінің заңнамалық негіздері егжей-тегжейлі зерделенді. Осы жерде банктердің проблемалы қарыз алушылармен сотқа дейінгі жұмыстарының әлсіздігі, объективті және субъективті себептері мен салдары атап өтілді. Банк омбудсманының  өкілдері кеңесінің отырысында тексеру комиссиясының шығындар сметасын жасау нәтижелері туралы есебі тыңдалып, 2020 жылға арналған жұмыс жоспарлары бекітілді. Сондай-ақ, банк қауымдастығы, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығы және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өкілдерінің пікірлері ескеріле отырып, Банк омбудсманы институтын одан әрі дамыту бойынша ұсыныстары да талқыланды.

Басқада жаңалықтар