Қаржы реттеушісі қаржы нарығындағы ахуалға күн сайын мониторинг жүргізуде – О. Смоляков
Қазіргі жағдайда қаржы нарығы субъектілерінің қызметін бақылау шеңберінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төтенше жағдай енгізілген кезеңде халыққа және кәсіпкерлікке қолдау шараларының орындалуын бақылауға және тиісті қадағалап реттеуге негізгі басымдық беріп отыр.
Бұл жөнінде ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының бірінші орынбасары Олег Смоляков Алматы қаласында ОКҚ-да өткен брифингінде сөз сөйлегенде хабарлады.
Ол Агенттік жедел желісін (call-орталық +7 (727) 2788 144 и +7 (727) 2788 122, электрондық почта: Fingramota@finreg.kz) қосқанын, ол арқылы халыққа және ШОБ өкілдеріне консультация берілетінін және проблемалық мәселелер жеке тәртіппен шешілетінін хабарлады. Қазіргі таңда жедел желі арқылы 16 мыңнан астам азамат консультация үшін хабарласқан.
«Агенттік банктермен бірлесе отырып өтініш берушілердің мәселелерін қарап, оларды реттеуді жедел режимде жүзеге асырғанын атап өту қажет. Мерзімін кейінге қалдыру, әлеуметтік және қайырымдылық төлемдерін аудару мәселесі бойынша өтініштердің шамамен 7 000-ынан банктер мен өзге ұйымдар оның 70%-дан астамын оң шешім шығарып қарастырған», - деп толықтырды О. Смоляков.
Ол Мемлекет басшысының төтенше жағдайдың енгізілуі нәтижесінде зардап шеккен ШОБ субъектілерін қолдау мәселесі бойынша тапсырмаларын орындау шеңберінде «Атамекен» ҰКП-мен өзара тығыз іс-әрекет ете отырып өтініштердің және бизнестің өзекті проблемалық мәселелерінің есебі жүргізіліп жатқандығын айтып берді. ШОБ субъектілерінің жеке берілген өтініштері қарау үшін жедел режимде банктерге жіберілуде.
«Агенттік тұрақты жұмыс процесі шеңберінде қаржы нарығындағы ахуалға күн сайын стресс тестілерін өткізу арқылы да мониторингті жүзеге асыруда. Стресс тестілер нәтижелері негізінде қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған өзге де шараларды іске асыру қажеттілігі қаралатын болады», - деп қорытындылады О. Смоляков.
www.finreg.kz сайтында қаржы нарығының барлық жаңалықтарын қадағалаңыз.