www.bank-ombudsman.kz
office@bank-ombudsman.kz
+7 (727) 261-22-16
+7 (708) 983-30-16
+7 (727) 983-30-16
ЖАҢАЛЫҚТАР Ескі жаңалықтар
Суәір 23, 2020

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР

Өтімділікпен уақытша қиындықтарға, клиенттер алдындағы міндеттемелерді уақтылы орындаудың шектелуіне, сондай-ақ клиенттік төлемдердің әкетілуіне байланысты, ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Tengri Bank» АҚ-тың қызметін қадағалауды күшейтілген режимде жүзеге асырады. Агенттік банк клиенттерінен келіп түсетін өтініштер мәселелері бойынша жоспардан тыс тексеруді бастап, жүргізуде. Қазақстанның банк заңнамасына сәйкес, банктердің қаржылық тұрақтылығын қолдау жөніндегі міндеттемелер банктің ірі қатысушыакционерлеріне жүктелген. Осыған орай, Агенттік банктің ірі акционеріне, Punjab National Bank (PNB)-ға а.ж. 30 сәуірге дейінгі мерзімде Tengri Bank-ті капиталдандыру бойынша тиісті талап жіберді. Талапқа сәйкес, ірі қатысушы пруденциялық нормативтерді сақтау, төлемдерді үздіксіз орындау және клиенттердің ақшалай қаражатын аударуды жүзеге асыру үшін жеткілікті көлемде капиталдандыруды қамтамасыз етуі қажет. Сонымен бірге банктің басқа акционерлерімен жұмыс жүргізіледі. «Tengri Bank» АҚ депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылады. Жеке тұлғалардың теңгемен және шетел валютасымен салымдары, оның ішінде төлем карточкаларындағы және банк шоттарындағы ақшасы бекітілген лимиттер шеңберінде Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының кепілдігімен қорғалған.

Анықтама үшін: Punjab National Bank (PNB) - «Tengri Bank» АҚ акцияларының 41,64%-на ие банктің аса ірі акционері. Бұл – 1895 жылы құрылған және 11 000-нан астам филиал мен офистер арқылы 110 миллионнан астам клиентке қызмет көрсететін, активтерінің мөлшері жөнінен Үндістандағы екінші мемлекеттік банк. Активтер сомасы шамамен 290 млрд АҚШ долларын құрайды. Мемлекеттің үлесі 75,41%-ды құрайды.
Басқада жаңалықтар