www.bank-ombudsman.kz
office@bank-ombudsman.kz
+7 (708) 983-30-16
+7 (727) 983-30-16
ЖАҢАЛЫҚТАР Ескі жаңалықтар
Суәір 24, 2020

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАР

2019 жылғы І тоқсанда микроқаржы ұйымдарының іс-әрекеттерінде қаржылық қызметтерді тұтынушылардың өтініштерін қарау қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтар туралы

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) 2019 жылғы І тоқсанның нәтижелері бойынша МҚҰ1 неғұрлым жиі жол берген микроқаржы ұйымдарының қызметтерін тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына мониторинг және талдау жүргізді.

Анықталған бұзушылықтар қорытындысы бойынша МҚҰ-ға қатысты 23 ықпал ету шаралары қолданылды, оның ішінде:

- 5 493 076,60 теңге сомаға 3 әкімшілік айыппұл;

- 20 жазбаша ұйғарым түріндегі шектеулі ықпал ету шаралары.

Жүргізілген талдау нәтижелері МҚҰ-дың:

- микрокредит беру туралы шарттың Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкес келмеуіне;

- Қазақстан Республикасының Заңдары және уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілері талаптарын сақтамауына байланысты бұзушылықтарға жол бергенін көрсетті.

Микроқаржы ұйымдарының қызметтерін тұтынушылардың микроқаржы ұйымдарының қызметтеріне шолу жүргізуі және оларды дербес айқындауы үшін Агенттік МҚҰ-ға қатысты қабылдаған шаралар туралы ақпаратты өзінің ресми интернет – ресурсында (www.finreg.kz) орналастырады.

МҚҰ қызметтерін тұтынушылардың назарын қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғаудың тиісті деңгейін қамтамасыз ету жөніндегі функциялардың 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінен және оның аумақтық филиалдарынан Агенттікке, Қазақстанның өңірлерінде Агенттіктің Өңірлік өкілдер басқармаларына берілгеніне аударамыз.

Осыған байланысты қаржылық қызметтерді тұтынушылар өз құқықтары бұзылған жағдайда Агенттікке, Агенттіктің жанындағы Қоғамдық қабылдау бөлмесіне, сондай-ақ аумақтық тиістілігі бойынша өңірлердегі – Агенттіктің Өңірлік өкілдер басқармасына:

- Агенттікке, мынадай мекенжай бойынша: А15С9Т5, Алматы қ., Көктем 3, 21-үй жазбаша;

- құқықтық көмек алу үшін мынадай мекенжай бойынша Қоғамдық қабылдау бөлмесіне: А15С9Т5, Алматы қ., Көктем 3, 21-үй (төтенше жағдай кезеңінде азаматтарды қабылдау уақытша жүргізілмейді), жедел желі телефондары: +7 (727) 2788 144 және +7 (727) 2788 122;

- Агенттіктің Өңірлік өкілдер басқармасына (Агенттіктің www.finreg.kz сайтының «Агенттік туралы» бөлімінде, «Агенттік құрылымы» – «Агенттік бөлімшелері» шағын бөлімдерінде көрсетілген мекенжайлар бойынша) өтініш жасауға құқылы. 

Сондай-ақ, «Микроқаржылық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-1- бабының 4 және 5-тармақтарында көрсетілген тұлғамен келіспеушіліктерді реттеу үшін онымен микрокредит беру туралы жасалған шарт бойынша құқықтарын (талап ету) берген жағдайда банк омбудсманына өтініш жасауға болады. Көрсетілген құқық жеке тұлға болып табылатын қарыз алушыға қолданылады. Банк омбудсманының деректемелері: А15GП8Е2, Алматы қ., Н. Назарбаев даңғ., 175-үй, 302-офис., тел.: +7 (727) 2612 216, +7 708 983 30 16, е-mail: office@bank-ombudsman.kz, www.bank-ombudsman.kz.

Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесі бойынша мына жедел желі телефонына хабарласуға болады: +7 (727) 2788 144 және +7 (727) 2788 122 (жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма аралығында сағат 9.00 - 17.00 аралығы, сенбі – сағат 9.00 - 14.00 аралығы, жексенбі – демалыс) e-mail: Fingramota@finreg.kz, TAL@finreg.kz www.finreg.kz
Басқада жаңалықтар