www.bank-ombudsman.kz
office@bank-ombudsman.kz
+7 (708) 983-30-16
+7 (727) 983-30-16
ЖАҢАЛЫҚТАР Ескі жаңалықтар
Мамыр 22, 2020

2020 жылғы 22 мамырда Алматы облыстық сотының бастамасымен Алматы облысы әкімі аппаратының, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі өкілінің, Халықаралық медиаторлар қауымдастығы өкілдерінің, банктер мен сақтандыру компаниялары өкілдерінің, сақтандыру  және қаржы омбудсмандарының қатысуымен «Банктік және өзге де дауларды сотқа дейін реттеу проблемалары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстел барысында Алматы облыстық сотының төрағасы Е.Н. Әбдіқадыров, Талдықорған қалалық сотының судьялары, Қарасай, Іле, Талғар ауданының судьялары баяндама жасады. Сөз сөйлеу барысында клиенттер мен қаржы институттары арасындағы дауларды сотқа дейінгі реттеу процестерін жетілдіру бойынша ағымдағы проблемалар мен ұсыныстар айтылды.

Банк омбудсманымен банк омбудсманының институты, оның қызметінің құқықтық негізі мен өкілеттігі таныстырылды. Бұл ретте банк дауларын сотқа дейін реттеу, ҚР заңнамасымен қарастырылған әдістер және оларды қолдану тәсілдері мәселелері егжей-тегжейлі қаралды.

Сондай-ақ Банк омбудсманы заңнаманы және банк дауларын қарау тәртібін реттейтін нормативтік қаулыларды талдауды ұсынды, мұндай дауларды сотқа дейін реттеуге кедергі келтіретін жағдайлар айтылды.

 

Басқада жаңалықтар