www.bank-ombudsman.kz
office@bank-ombudsman.kz
+7 (708) 983-30-16
+7 (727) 983-30-16
ЖАҢАЛЫҚТАР Ескі жаңалықтар
Қазан 29, 2020

   2020 жылғы 28 қазанда Банк омбудсманының қатысуымен қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі «Қаржы қауіпсіздігі аумағы» халықаралық онлайн-конференциясы өтті, ол инвесторлар мен қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында тәжірибе алмасу үшін өкілетті және беделді халықаралық алаң болып табылады. Ұйымдастырушылар -  салымшылар мен акционерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі федералдық қоғамдық-мемлекеттік қор және Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК).

Конференция дәстүрлі түрде Ресей Банкінің  және Халықаралық бағалы қағаздар жөніндегі комиссиялар ұйымының (IOSCO) қолдауымен өткізілетін Халықаралық инвесторлар апталығы (World Investor Week) аясында өтті.

Іс-шараға ЕАЭО елдерінің (Армения, Белоруссия, Қазақстан, Қырғызстан және Ресей) қаржылық реттеуіштерінің, орталық және ұлттық банктерінің өкілдері қатысты.

2020 жылғы конференция барысында мынадай мәселелерге ерекше назар аударылды:

• ЕАЭО бірыңғай қаржы нарығы шеңберінде қаржылық қызметтерді тұтынушылардың «қауіпсіздік және жайлылық аймағын» құрудың өзектілігі;

• Цифрлық революция және азаматтардың қаржылық қауіпсіздігі;

• Жосықсыз практикалар мен қаржылық пирамидаларға қарсы іс-қимылдың тиімді шаралары;

• Қауіпсіз инвестициялау.

Басқада жаңалықтар