www.bank-ombudsman.kz
office@bank-ombudsman.kz
+7 (708) 983-30-16
+7 (727) 983-30-16
ЖАҢАЛЫҚТАР Ескі жаңалықтар
Қараша 06, 2020

"Банк омбудсманы — келіспеушіліктерді реттеудің тиімді жолы!" тақырыбында «дөңгелек үстел» мәжілісі өтті.

2020 жылдың 6 қарашасы күні Шымкент қаласының Абай аудандық сотының бастамасымен, Банк омбудсманыЕ.Сийрбаевтың "Zoom" мобильді қосымшасы арқылы қатысуымен, санитарлық талаптар сақтала отырып, "Банк омбудсманыкеліспеушіліктерді реттеудің тиімді жолы!" тақырыбында «дөңгелек үстел» мәжілісі өтті.

Негізінен, Банк омбудсманыбанк келісімшартынан туындайтын даулар барысында қарыз алушы мен банкті бір мәмілеге келтіретін жеке тұлға болып табылады.

Іс-шараға Шымкент қалалық соттың алқа төрағасы М.Пәрменов, Абай аудандық сотының төрағасы С.Тоқбергенов, сонымен қоса аудандық және оған теңестірілген соттардың төрағалары, судьялары, ҚР-ның екінші деңгейдегі Банк өкілдері, Шымкент қаласының Тұтынушылардың қоғамдық бірлестігінің өкілі, адвокаттар алқасы, заң консультанттары палаталарының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Мәжіліс барысында Е.Сийрбаев пен қатысушылар арасында қызу пікір алмасу өтті.

Нақтырақ айтқанда, Банк омбудсманы қызметін қолдану аясын кеңейту мәселесі, оның тиімділігі, банк келісімшарттарынан туындайтын істердің Банк омбудсманның көмегімен сотқа дейінгі тәртіппен шешілу жолдары және Банк омбудсманы институтының жетілдіру жолдары талқыланды.

сілтеме: https://shymkent.sud.kz/kaz/news/bank-ombudsmany-kelispeushilikterdi-retteudin-tiimdi-zholy-takyrybynda-dongelek-ustel-mzhilisi

Басқада жаңалықтар