www.bank-ombudsman.kz
office@bank-ombudsman.kz
+7 (727) 261-22-16
+7 (708) 983-30-16
+7 (727) 983-30-16
ЖАҢАЛЫҚТАР Ескі жаңалықтар
Ақпан 11, 2021

Алматы қаласының №2 Алматы аудандық соты қарыз алушының талап-арызын қанағаттандырып, оның «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-дан (Отбасыбанк) алған ипотекалық қарызын нысаналы мақсатта пайдаланды деп таныды.

Қарыз алушы сотта қорғау іздеуге мәжбүр болуына себеп болған банк филиалының қызметкерлері. Олар жалған сылтаулармен қарыз алушыдан «мемлекеттік» қаражатты мақсатсыз пайдаландың деп миллион теңгеден астам мөлшерде айыппұл мен тұрақсыздық айыбын төлеуді талап еткен. Алайда, Тұрғын үй құрылыс банкінің инквизиторлары банк омбудсманының араласуынан кейін де өз ниетінен бас тартқан жоқ..

Оған қоса, сотқа дейін алдынала қарыз алушыны қорғауға алған омбудсманды өзін сотқа береміз деп банк басқармасінің төраға орынбасарының қолы қойылған хат жолдаған.

Банк Ва-Банкке барды деген осы!

Ляззат Ибрагимова негізсіз және Банктің несие комитетінің қажетті шешімдерінсіз айыппұлдарды оңды-солды таратқан қарауындағы «мемлекеттік мүдделерді қорғаушыларын» қалай жазалайды екен?

Бүндай әрекет сыбайлас жемқорлыққа тім жақын екені көрінеді.

Басқада жаңалықтар