www.bank-ombudsman.kz
office@bank-ombudsman.kz
+7 (727) 261-22-16
+7 (708) 983-30-16
+7 (727) 983-30-16
ЖАҢАЛЫҚТАР Ескі жаңалықтар
Суәір 27, 2021

 

27.04.2021 жылы Қызылорда облысының Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Банктік шарттардан туындайтын дауларды сотқа дейін реттеу мәселелері» тақырыбында онлайн режимде дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға Банк омбудсманы Ерсерік Сийрбаев, МАЭС төрағасы Б. Елишбеков, Қызылорда қаласындағы өңірлік өкілдер Кеңсесінің, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің басшысы Л. Б. Темірова, "Бітім" медиация орталығының директоры Л. Ш. Бақтыбаева, Қызылорда облысының адам құқықтары жөніндегі халықаралық орталығының директоры М. Н. Нұржанов, және Медиацияны дамыту орталығының басшысы Р. Бейсов қатысты.

Дөңгелек үстел барысында Банк омбудсманы Ерсерік Сийрбаев өз баяндамасында тыңдаушыларға банк омбудсманының қызметінің құқықтық негіздері, өтініштерді қабылдау тәсілдері, банк қарыздары бойынша келіспеушіліктерді сотқа дейін реттеу тәртібі туралы ақпарат берді.

Сондай-ақ, ол Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің 09.04.2021 жылғы несиелерді оңалту мәселесі бойынша №53 қаулысындағы өзгерістер туралы айтты.

 

Автор: Банк омбудсманының кеңесшісі Бахтахунов Б.

Басқада жаңалықтар