Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) құрылған сәттен бастап қаржы реттеушісі мүмкіндігі шектеулі адамдар (бұдан әрі – МША) үшін қаржылық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз етуді қызметінің басым бағыттарының бірі ретінде айқындады. 2020 жылы Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығымен (бұдан әрі – ҚҚҚ) бірлесіп Қазақстан заңнамасын МША үшін қаржылық қолжетімділіктің өсуін тежейтін кедергілерді анықтау тұрғысынан бағалау мен талдау басталды. Қаржылық қолжетімділікті және қаржылық қызметтердің сапасын арттыру бойынша жұмыс тобы (бұдан әрі – Жұмыс тобы) құрылды, оның жұмысы шеңберінде Агенттік ҚҚҚ-мен бірлесіп қаржы ұйымдары үшін бірқатар құжаттар әзірледі. Осындай құжаттардың бірі Қаржы ұйымдары үшін мүмкіндігі шектеулі адамдарға қаржылық қызметтер ұсыну және оларға қызмет көрсету жөніндегі әдістемелік ұсынымдар болып табылады.
Әдістемелік ұсынымдар МША «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелерін ескере отырып, объектілерге және қаржылық қызметтерге толық әрі кедергісіз қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Әдістемелік ұсынымдар қаржылық инклюзияны арттырудың әлемдік тәжірибесі негізінде әзірленген және мынадай түрлі санаттағы МША үшін қаржылық қызметтердің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша негізгі ережелерді қамтиды:
Ұсынымдар шеңберінде банкоматтар мен терминалдарды тиісті техникалық және бағдарламалық функциялармен жарақтандыру, қаржы ұйымдарының фронт-офистері мен бөлімшелерінде қаржылық қызметтер көрсету, коммуникациялардың әр түрлі арналарын пайдалану жөніндегі негізгі бағыттар мен жақсартушы факторлар айқындалды. Әдістемелік ұсынымдарды қолдану негізінде қаржы ұйымдары қаржылық қызметтерді ұсыну және МША қызмет көрсету процесінде туындайтын проблемалық мәселелерге талдау жүргізеді.
Сондай-ақ, Агенттік әлемдік тәжірибе негізінде МША үшін ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеп, қаржы ұйымдарына жіберді. Ұсынымдарға ақпараттық ресурстарға қойылатын талаптар - қаржы ұйымдарының мобильдік қосымшалары мен сайттарының интерфейстерін МША-ның барлық санаттарының қажеттіліктеріне сәйкес келтіру кіреді.
Шектеу факторларын, сондай-ақ кедергілерді жою және мүмкіндіктері шектеулі адамдарды қаржы жүйесіне ықпалдастыру бойынша шаралар қабылдайтын елдердің (Ұлыбритания, Канада, АҚШ, Үндістан, Австралия, ЕО және Ресей) тәжірибесін талдай отырып Агенттік ҚҚҚ-мен және Қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, Жұмыс тобы шеңберінде Іс-шаралар жоспарын әзірледі. Іс-шаралар жоспарына сәйкес, Агенттік пен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ең қажетті қаржылық қызметтерді анықтау үшін МША өкілдерінің сауалнамасын іске қосты. Сауалнама нәтижесінде алынған деректер МША пайдалануы жоспарланған қаржылық қызметтер мен өнімдерді цифрландыруға мүмкіндік береді.
Қаржылық инклюзияның басым бағыттарының бірі сәйкестендіру мен бірдейлендірудің биометриялық және қашықтан әдістерін пайдалана отырып, қашықтан қаржылық қызметтер көрсету тетіктерін дамыту болып табылады. 2021 жылғы тамызда және ағымдағы жылдың соңына дейін Агенттік ҚР Ұлттық Банкімен, ҚҚҚ және қаржы ұйымдарымен бірлесіп, МША өкілдеріне қаржылық қызметтер көрсетуге және биометриялық деректер жинауға кедергі келтіретін шектеулерді анықтау және жою процесін бастайды. 2021 жылдың соңына дейін қаржы ұйымдарының мобильдік қосымшалары және сайттарының барлық интерфейстері МША қажеттіліктеріне сәйкес келтірілуге тиіс.
2021 жылғы күзде «Толығымен инклюзивті қаржы ұйымы» пилоттық жобаны іске қосу жоспарлануда. Жоба жабдықталған инфрақұрылыммен, сондай-ақ МША қызмет көрсету бойынша білікті қызметкерлермен МША барлық санатының қажеттіліктеріне толық жауап беретін қаржы ұйымының бөлімшесін немесе фронт-офисін ашуды көздейді.
Әдістемелік ұсынымдарды енгізу шеңберінде Агенттік Қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, қаржы ұйымдарының қызметкерлерін МША өкілдерімен өзара жұмыс істеуді оқытумен қамтамасыз етеді. Бұл ретте, МША қолдау саласында жұмыс істейтін Қоғамдық ұйымдардың мамандары қаржы ұйымдарының мамандарын әртүрлі мүгедектігі бар тұлғалармен қарым-қатынас жасау және оларға қызмет көрсету мәселелері бойынша оқытуға және кеңес беруге дайын. Сондай-ақ, Қоғамдық ұйымдардың өкілдері МША өкілдері мәселелері бойынша қаржы нарығына арналған дәрістер, семинарлар мен тренингтер өткізеді.
Осылайша, Әдістемелік ұсынымдар қаржылық қызметтер мен өнімдерді алу кезінде қиындықтарға тап болатын мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қаржы ұйымдары қызметтерінің қожетімділігін арттыруға бағытталған. Осы санаттағы азаматтар үшін қашықтан қызмет көрсету арналарының қолжетімділігін арттыруға ерекше назар аударылуда. Әдістемелік ұсынымдардың негізгі мақсаты – МША үшін қаржылық қызметтер мен өнімдерге деген қолжетімділік бойынша тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету, МША үшін қаржылық қолжетімділіктегі ерекшеліктерді жою және оларда қаржылық қызметтер мен өнімдерді алған кезде туындайтын мәселелерді шешу.
Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша мына жедел желі телефонына хабарласуға болады:
+7 (727) 237 1000
Жұмыс істеу кестесі дүйсенбі – жұма аралығында
сағат 9.00-ден бастап 17.00-ге дейін
+7 727 237 1090