www.bank-ombudsman.kz
office@bank-ombudsman.kz
+7 (727) 261-22-16
+7 (708) 983-30-16
+7 (727) 983-30-16
ЖАҢАЛЫҚТАР Ескі жаңалықтар
Тамыз 05, 2021

05.08.2021 жылы "Нұр Отан" партиясының Республикалық қоғамдық қабылдауында "ZOOM" бағдарламасын пайдалана отырып, Банк омбудсманы Е.Д. Сийрбаевтың қатысуымен ипотекалық қарыз шарттарынан туындайтын келіспеушіліктерді реттеу бойынша азаматтарды қабылдау өтті.

Еліміздің үш өңірінен келген 9 қарыз алушы өздері қойған сұрақтарға толық жауаптар мен ұсыныстар алды.

Қарыз алушылардың қосымша кепілді босату және кепілге салынған мүлікті мұраға қалдыру жөніндегі өтініштерін Банк омбудсманы одан әрі тиісті шешім қабылдау үшін жұмысқа алды.

Қабылдау қарыз алушы мен банктің келісімі мен құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған Банк омбудсманы мен "Нұр Отан" партиясы қоғамдық бірлестігі арасындағы 28.02.2014 жылғы Ынтымақтастық туралы меморандум шеңберінде өткізілді.

 

Автор: Банк омбудсманының кеңесшісі Бахтахунов Б.

Басқада жаңалықтар