www.bank-ombudsman.kz
office@bank-ombudsman.kz
+7 (727) 261-22-16
+7 (708) 983-30-16
+7 (727) 983-30-16
ЖАҢАЛЫҚТАР Ескі жаңалықтар
Қазан 29, 2021

2021 жылғы 29 қазанда Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының бастамасымен «Дауларды сотқа дейінгі реттеу тәртібі бойынша заңнамаға енгізілген өзгерістердің өзекті мәселелері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Соттың шақыруы бойынша дөңгелек үстел жұмысына Сот төрағасы Дәурен Тілеубаев, Банк омбудсманы Ерсерік Сийрбаев, Қаржы қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Қазақстан Республикасы  Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің директоры Александр Терентьев, екінші деңгейлі банктердің өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстел барысында заңнамаға қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған өзгерістер, проблемалық қарыздармен жұмыс істеу алгоритмдері, дауларды сотқа дейінгі реттеу тәртібі және басқа да көптеген мәселелер талқыланды.

Соңғы екі жылда банк даулары бойынша істерді қарау кезінде сот органдарының тәжірибесі өзгергенін атап өткім келеді. Дәл осы сотқа дейінгі реттеуге үлкен көңіл бөлінеді, өйткені қазіргі таңда несие берушінің  қарызданушылармен мәселелерді шешу үшін көптеген құралдары бар, олардың бірі Банк омбудсманының институты болып табылады.

 

Автор: Банк омбудсманының кеңесшісі Р. Ибрагимов

Басқада жаңалықтар