2021 жылдың 30 қарашасында Мәскеу қаласында алғашқы ЕАЭО мемлекеттерінің қаржы омбудсмандарының бас қосуымен Халықаралық онлайн конференция өтті. Аталған отырыстың күн тәртібінде консультативтік комитет құру және онымен байланысты мәселелер қызу талқыға түсті. Консультативтік комитет ЕАЭО мемлекеттерінің қаржы уәкілдерінің өзара тәжірбие алмасуына және мәселелердің сотқа жетпей шешілуіне серпін беретін алаң болмақ.
Аталмыш конферецияда РФ-ның бас қаржы уәкілі Воронин Юрий Викторович, «Қаржылық уәкілдің қызметін қамтамасыз ету қызметі» дербес коммерциялық емес ұйымының («ҚУҚҚҚ» ҚЕҰ) басшысы Крайнова Ольга Ивановна , ҚР Банк Омбудсманы Сийрбаев Ерсерік Даменұлы, РФ Қаржы уәкілдері Климов Виктор Владимирович және Новак Денис Васильевич өз баядамаларымен күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің басын ашты. Сонымен қатар Армения Республикасының Қаржы жүйесінің бас бітімгері Мнацаканян Вазген , Беларусь Республикасының Қаржы Министрі Селиверстов Юрий Михайлович және конференцияның өзге де қатысушылары талқылға түскен сұрақтарға қатысты өз қөзқарастарын білдірді.
Сийрбаев Ерсерік Даменұлы өз баяндамасында банк омбудсманы қызметіне және күн тәрбіндегі талқыға түскен сұрақтарға қатысты мол тәжіребиесімен бөлісті. Біздің ойымызша, бұл тәжіребие ЕАЭО мемлекеттері үшін пайдалы әрі таптырмас құрал болмақ.
2021 жылдың желтоқсан айының соңына дейін Консультативтік комитеттің Ережесін пысықтауға байланысты және комитеттің жеке құрамын анықтау үшін ұсыныстар жолданбақ. Консультативтік комитеттің алғашқы отырысын өткізу 2022 жылдың бірінші тоқсанына жоспарлануда. Сонымен қатар конференцияда негізгі сұрақтардың бірі ол, банк омбудсман институтының қызметін 2025 жылға дейін цифландыру мәселесі болды. Атқарылған және болашақта атқарылатын жұмыс барысы егжей-тегжейлі талқыға түскен ЕАЭО мемлекеттерінің омбудсмандарының Халықаралық конференцияның арқасында , көптеген сұрақтарға жауаптар алынды.