www.bank-ombudsman.kz
office@bank-ombudsman.kz
+7 (727) 261-22-16
+7 (708) 983-30-16
+7 (727) 983-30-16
ЖАҢАЛЫҚТАР Ескі жаңалықтар
Шілде 14, 2022

Жеке сот орындаушы Банкке атқарушылық іс жүргізуді қозғаудан бас тартты. Банк жеке сот орындаушының әрекеті үшін сотқа шағым келтірді.

Жергілікті соттар Банктің талап қоюын қанағаттандырудан бас тартты. Соттардың уәжі - қарызды өтеу бойынша міндеттемені қабылдаған борышкер жеке тұлға емес, заңды тұлға болып табылады.

Алайда Банк заңды күшіне енген сот актілерін елемей, сотқа жүгініп, атқарушылық іс жүргізу бойынша борышкер жеке тұлға болып табылатынын көрсетіп, талап келтірді.

Жоғарғы Соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы іс бойынша шығарылған сот актілерін қолдады.

Сонымен қатар, Банкке жосықсыз әрекеттері, атап айтқанда көрінеу негізсіз талап қойғаны және кассациялық шағым келтіргені, сондай-ақ қабылданған сот актілерінің тұжырымдарын назарға алмағаны үшін айыппұл салынды.

 

Қайнар:

Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі

https://sud.gov.kz/kaz/news/sot-arkyly-korgau-kukygyn-teris-paydalangany-ushin-bankke-ayyppul-salyndy-0

Басқада жаңалықтар