www.bank-ombudsman.kz
office@bank-ombudsman.kz
+7 (708) 983-30-16
+7 (727) 983-30-16
ЖАҢАЛЫҚТАР Ескі жаңалықтар
Қараша 28, 2022

 

2022 жылғы 28 қарашада бейнеконференц байланыс форматында Еуразиялық экономикалық одаққа мүше қаржылық уәкілетті мемлекеттердің қызметтері Консультативтік комитетінің екінші отырысы өтті.  

2022 жылдың басында құрылған Консультативтік комитеттің қызметі күш-жігерді біріктіруге және қаржылық қызметтерді тұтынушылар мен қаржы ұйымдары арасындағы дауларды сотқа дейін реттеу саласында ЕАЭО кеңістігінде келісілген саясатты іске асыру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдарды дайындауға бағытталған. 

Отырыс барысында жұмыс топтары ұсынған аралық нәтижелер талқылынды. 

Кездесуге қатысқандар: Воронин Ю.В. – Ресей Федерациясының Бас қаржы комиссары, Сиырбаев Е.Д. – Қазақстан Республикасының банк омбудсмені, Завалко П.А. – Қазақстан Республикасының сақтандыру омбудсмені, Мнацаканян В. – Армения Республикасының қаржы жүйесінің бас медиаторы, Максимова С.В. – сақтандыру, микроқаржыландыру, несиелік кооперация және несие ұйымдарының қызметі саласындағы қаржы комиссары, Климов В.В. – сақтандыру, несиелік кооперация, несиелік мекемелердің, ломбардтардың және мемлекеттік емес зейнетақы қорларының қызметі саласындағы қаржы комиссары, Крайнова О.И. -  «Қаржы омбудсменінің қызметін қамтамасыз ету қызметі» АҰО басшысы, т.б.    

Консультативтік комитеттің келесі отырысы 2023 жылдың екінші тоқсанында өтеді.

Консультативтік комитеттің негізгі мақсаты қаржылық қызметтерді тұтынушылар мен қаржы институттары арасындағы дауларды сотқа дейін реттеу саласында ұсыныстар, ұсынымдар дайындау және консультациялар өткізу арқылы қаржы комиссарларының қызметтерінің ортақ тәсілдерін әзірлеу болып табылады.

 

Басқада жаңалықтар