2023 жылғы 15 қарашада Алматы қаласында Қазақстан қаржыгерлерінің XI конгреcі өтті. Шараны ҚР Ұлттық Банкі мен Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолауымен Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы ұйымдастырды.
Атаулы күн – ұлттық валютаның 30 жылдығында Мемлекет басшысы қаржы қызметкерлері мен қазақстандықтарды құттықтады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтау сөзді Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов оқып берді. Конгрестің панельдік отырыстарында шетелдік орталық банктер мен қаржы институттарының басшылары, қазақстандық мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдарының өкілдері макроэкономикалық саясат пен қаржы секторының өзекті мәселелерін талқылады.
Пленарлық отырыстардың бірінде Банк омбудсманы Дархан Нұрпейісов те сөз сөйлеп, Банк омбудсманы институтының рөлі, өкілеттіктері, жұмыс істеу принциптері мен құқықтық негіздері туралы айтты.
Сондай-ақ тұтынушылық несиелеуге сұраныстардың артуына және банк өнімдерін ұсыну сапасының артуына байланысты Банк омбудсманының құзыретін кеңейтуді талап ететін жаңа міндеттер мен мәселелер қарастырылды.
Қаржы қызметтерін тұтынушылар мен қаржы секторы үшін Банк омбудсманының құзыретін кеңейтудің артықшылықтары қарастырылады. Оның реттеушіге де, сотқа да жүктемені азайтуға әсері.
Қаржы қызметтерін тұтынушылардың өтініштерін қарау кезінде тараптардың бейтараптығы мен теңдігін сақтау мақсатында Банк омбудсманының мемлекеттік реттеуші органдардан және қаржы секторынан тәуелсіздігін сақтаудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.