www.bank-ombudsman.kz
office@bank-ombudsman.kz
+7 (727) 261-22-16
+7 (708) 983-30-16
+7 (727) 983-30-16

Қаржы  пирамидаларын уақытында тану үшін олардың белгілері

 

Статистиканы рақымсыз деп айтуға болады: азаматтар барған сайын қаржы пирамидаларының желілерінде «шатысуда» және өздерінің біраз қаражатын жоғалтуда. ҚР Бас прокуратурасының статистикасы бойынша 2020 жылғы жеті айда қаржы пирамидаларын құру фактісі бойынша ашылған қылмыстық істердің саны өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 8 есеге жуық ұлғайды. Ал «пирамида құрылысшыларынан» келген шығын 2,7 млрд теңгеден асты.

 

Қаржы пирамидасын құрушылар өздерінің құрбандарына көбінесе әлеуметтік желілерде және танымал мессенджерде қармаққа түсіреді. Алаяқтар онлайн-топтар құрып, күмәнді жобаларға инвестициялауға қатысушыға шақырады, ал жаңадан шақырылған адамдарға жоғары сыйақы алуға уәде береді. Өзің қалай алданып қалмауың керек және қаржы пирамидасын қалай тануға болады?

 

     Әлемдік тәжірибеде қаржы пирамидаларының бірнеше белгілері бар:

 - ақша қаражатын тарту бойынша қызметін жүзеге асыруға қаржы реттеушісі лицензияның болмауы;

 - нарық деңгейінен бірнеше есе асатын жоғары кірістіліктің болуына уәде беру;

- жаңа қатысушыларға бұрын басқа салымшылар салған ақша қаражатынан ақша қаражатын төлеу;

 - меншікті негізгі құралдар-жабдықтардың, басқа қымбат активтердің болмауы; ұйым қызметінің нақты анықтамасының болмауы және басқасы.

Егер сіз өз ақшаңызды сеніп тапсырғыңыз келетін ұйымда аталған белгілердің бірнешеуі болса, олар сізді қаржы пирамидасына тартуға тырысып жатқан жоқ па, соны ескерген жөн.

 Ірі ақшамен тәуекелге бармастан бұрын, компанияның беделін және ол ұсынатын ақпараттың дәйектілігін тексеріңіз. Депозиттер тартуға құқығы бар барлық қаржы ұйымдарының ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі атынан қаржы реттеушісінің лицензиясы болуы керек. Компанияның иелері мен басшылығы туралы ақпаратты тексеріңіз, сондай-ақ оның қай жерде тіркелгенін біліңіз. Егер басшылық туралы ақпарат жасырын болса, ал компанияның өзі қандай да бір оффшорлық аймақта тіркелген болса, онда өз жинақ ақшаңызды күмәнді жобаларға инвестициялау алдында ойланғаныңыз дұрыс.

Егер сізді әлеуметтік желілердегі мессенджердегі онлайн-чатқа немесе онлайн-топқа енгізсе және инвестициялардан кепілдік берілген жоғары кірістілік алуға уәде берсе, сақ болыңыз. Алаяқтар психологияны жақсы біледі және адамның тез және оңай баюға деген қарапайым ниетін ойыншыққа айналдырады. Сондықтан, пирамидалар жылдық 20, 50 және тіпті 200% кірістілікпен пайда табуға оңай уәде береді, өйткені олар бұл уәделерін орындауға тырыспайды да.

Ақшаны қайтарудың нақты тетігінің болмауы да сақ болуды талап етеді. Мысалы, егер қаражат белгілі бір сомаға жеткеннен кейін ғана сізге қайтарылады деп жазылған болса. Сізде салған қаражатты басқара алатындай және қажет болған жағдайда оларды қайтарып алуға мүмкіндік болуы тиіс. Осындай егжей-тегжейлі мәселелер әдетте шартта жазылады. Құжатқа қол қоймас бұрын оны мұқият зерделеу керек, ал егер түсініксіз тармақтар болған жағдайда, мамандарға жүгіну керек. Есіңізде болсын, шақыру жарнамасы – жоғары пайызбен ақшаны салуға себеп емес, бұл уәделердің орындалуына күмәндануға негіз болып табылады.

Жаңа салымшыларды тарту үшін сыйақы ұсына ма? Бас тартыңыз – бұл сізді қаржы пирамидасына тартатыны туралы нақты белгі. Компания корпоративтік іс-шараларға қатысуға, әртүрлі жүлделер, сыйлықтар мен жолдамалар болатын ұтыс ойындарына шақыра ма? Бас тартыңыз! Бұл пирамидаларға жаңа салымшыларды тартудың ең танымал әдістерінің бірі. Компанияның ақшаны қалай қабылдайтынына назар аударыңыз. Көптеген күмәнді компаниялар қолма-қол ақшаны қабылдайды немесе әртүрлі интернет төлемдер мен аударымдар жүйелерін пайдаланады. Барлығына толықтай назар аударыңыз.

Сақ болыңыз өзіңіздің қаржылық сауаттылығыңызды Fingramota.kz-пен бірге арттырыңыз!

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Қазақстан Қаршыгерлер Қауымдастығы
Бірінші кредиттік бюро
Сақтандыру Омбудсманы
Ресей Федерациясының Қаржы омбудсмені