www.bank-ombudsman.kz
office@bank-ombudsman.kz
+7 (727) 261-22-16
+7 (708) 983-30-16
+7 (727) 983-30-16
Жеңіл ақша табу жолында

Жеңіл ақша табу жолында

 

Азаматтардың тез әрі жеңіл баю ниетін әдетте қаржылық алаяқтар пайдаланады. Ал қаржылық пирамидаларды ұйымдастырушылар өз тұзақтарын шебер түрде қоя біледі.

Алғаш рет қаржылық пирамиданы іскер шотландтық Джон Ло ұйымдастырды. Бұл осыдан тура үш жүз жыл бұрын болды. Джон Францияға король Людовик XV  небары жеті жаста болған және оның істерін әкесінің жиені герцог Орлеанский басқарған кезде келді. Ло оған қазынамен және пайдаланылатын жермен қамтамасыз етілген банкноттарды шығаратын банк құруды ұсынды. Бұл ретте жаңа бағалы қағаздар банкноттардың барынша көп санын шығарудың арқасында қамтамасыз етілді.  Бұл Еуропа тарихындағы ең алғашқы қаржылық пирамида болды. Нәтижесінде «Ло жүйесі» елдегі экономикалық дағдарысқа әкеліп, бір адамдардың басқа адамдардың ақшасын тарту есебінен қамтамасыз етілмеген баю тетігін туындатты.

Екі жүз жылдан кейін осындай тетікті Италиядан келген иммигрант АҚШ-та табысты қолданды. Чарльз Понци адамдардың, нақтырақ айтқанда, олардың ақшасының біраз уақытқа дейін оның мұқтажсыз тіршілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін капитал екенін түсінді. Понци Бостон тұрғындарына бұрын-соңды болмаған жайтты ұсынды – әрбір салымшы 45 күннен кейін салынған сомадан 150 пайыз алады. Ал бұл жылдық 1200 пайыз. Италияндық алаяқ баспасөздегі тапсырыс берілген мақалалар арқылы қоғамдық сананы шебер басқара білді және өзінің кәсіпорнына деген қызығушылықты одан сайын өршіте алды. Шын мәнінде оның SXC компаниясының салымшыларына ақы төлеу пирамиданың жаңа қатысушылары есебінен жүзеге асырылды. Бұл қаржылық пирамиданың ең басты және ең айқын белгісі – жаңадан келіп жатқан қатысушылардың есебінен алдыңғы қатысушыларға ақы төлеу. Мұндай схема ұзақ уақыт бойы, салымшылар не олардың ақшасы аяқталғанша жұмыс істеуі мүмкін. Мысалы, Дона Бранканың пирамидасы Португалияда 70-ші жылдары                  14 жылға уақыт бойы жұмыс істеді. Алайда қорытындысы біреу болды – ол құлады, салымшылардың көпшілігі өздерінің барлық жинаған ақшасын жоғалтты, ал Бранканың өзі 10 жылға түрмеге отырғызылды.

Заманауи қаржылық пирамидалар

Заманауи қаржылық пирамидаларды ұйымдастырушылар өз қызметін шебер жасырады. Ең бірінші назар аударатын жағдай – желілік маркетинг. Біз бүкіл желілік маркетинг – жаман нәрсе және онымен ешбір жағдайда айналысудың қажеті жоқ деп айтпаймыз. Алайда онда қаржылық пирамидалармен ортақ жағдайлар да кездеседі.

Желілік маркетингтің де, қаржылық пирамидалардың да иерархиялық құрылымы, халықты тарту бойынша бағдарламасы («маркетингтік жоспары»), өнімді/көрсетілетін қызметті сатудан бонустар төлемі бар (пирамидалар жағдайында – бұл жасыру). Негізгі ерекшелігі, желілік маркетинг кезіндегі бонустар, түрлі төлемдер өнімнің құнына енгізіледі, ал пирамидаларда өнім немесе көрсетілетін қызмет жасыру және халықты ашық тарту үшін қажет. Ал қатысушы табыс табу үшін оған тауарды дәл сол сомаға сатып алатын клиенттердің белгілі бір санын тарту қажет. Әрбір тартылған қатысушы өз кезегінде қатысушылардың белгілі бір қосымша санын тартады және тағы басқасы.

Осылайша, «біреулерге — басқалардың есебінен» қағидаты сақталады. Сол себепті барлық азаматтарды сіздің ақшаңыз ғана емес, басқаның да ақшасын тартуды ұсынатын кез келген құрылымға сақ болуға шақырамыз.

Осы схема бойынша түрлі инвестициялық, жаңадан пайда болған круиздік клубтар және тұрғын үй кооперативтері жұмыс істей алады.

Кез келген әлеуетті инвестор сақ болуға тиіс екінші белгі — өте жоғары кірістілік. Көбінесе мұны алаяқтар пайдаланады. Бәріне уәде беруге болады, бірақ оның салдары қандай болатыны түсініксіз.

Сізге үлкен пайызға ақша беруді ұсынатын компаниялар бір жағынан, өте табысты және байыпты болып көрінеді. Қымбат әдемі офис, кішіпейіл қызметкерлер және дұрыс жасалған шарт. Алайда осы компанияның қалай табыс табатынын және жылдық бірнеше жүз пайызбен қаражат тартуы қандай қызметтің есебінен жүзеге асырылатынын білу қажет. Сыни тұрғыдан ойлау — сізді қаражат жоғалтудан қорғауы мүмкін. Қазір осындай кірістілік әкелетін жобалардың болуы мүмкін емес. Тиісінше, компания төлемдерді келесі инвесторлардың ақшасы есебінен жүзеге асырады. Мұның бәрі бізді қаржы пирамидаларына әкеледі. Ал офис, негізінен, жалға алынған.

Алаяқтардың Forex («Форекс») саудасын пайдалануы кездеседі. Клиентке консультациялық қызметтер, сондай-ақ арнайы платформаларда сауда-саттық бойынша оқудан өтуді ұсынады. Оқу процесінде клиентке сауда-саттық алаңында тренинг нұсқасындағы демонұсқада операцияларды жүзеге асыруды ұсынады. Кейіннен оған нақты сауда-саттық жүргізу үшін ақша салуды ұсынады. Алаяқтар ақша табатын емес, қысқа уақытта табыс алуды көрсететін платформаларды пайдаланады. Нәтижесінде ұзақ мерзімді перспективада  клиент көп ақша сомасынан айырылады.

Алаяқтар пайдаланатын тағы бір қызметтің жаңа түрі — фандрайзинг қоры. Алаяқтықтың бұл түрін көбінесе батыс елдерінде пайдаланып жүр, бірақ соңғы уақытта Қазақстанда да осындай жағдайлар болды. Мұнда корпоративтік қор жеке тұлғалардың басқа жеке тұлғаларға қарыз бере алатын платформасын ұсынады. Корпоративтік қор немесе өзге қорлар ретінде ұйымдастырушылар өздерінің талаптарына сәйкес халыққа қарыз береді. Қарыз шарты жасалғаннан кейін бұл ұйым ақшаны кепілдік берілген жоғары кірістілік алуға арналған жобаларға инвестициялауды ұсынады. Бұдан әрі осындай жағдай. Шын мәнінде компания ешқандай жобалар жүргізбейді.

Қарыз беруді тіркелген ұйымдар, реттеушінің лицензиясы бар ұйымдар ғана бере алатынын атап өткен жөн. Сондықтан азаматтардан мұқият болуын және тәуекелді ғана емес, заңсыз схемалардан да аулақ болуын сұраймыз.

Мұқият болу және ойлау маңыздылығы

Сонымен бірге мынадай басқа да белгілер бар, олар сіздің алдыңызда кірістілігі жоғары жоба емес, алаяқтар тұрғанын көрсетеді:

  1. егер компания қаражат жинау алдында, кеше ғана тіркелсе, оның ең төмен капиталы және жалғыз құрылтайшысы болса, әсіресе бұл компания өзін табысты және дамып келе жатқан ретінде көрсетсе, күдікті болады;
  2. ұйымды белсенді жарнамалайды және өте жоғары – нарықтық деңгейден әлдеқайда жоғары кіріс алатынына жария түрде уәде береді;
  3. сізге тәуекелдің жоқ екенін мәлімдейді; нағыз инвестициялық компаниялар салымшыларды инвестициялардың тәуекелі туралы ескертеді;
  4. алдын ала жарналар – сізге жобаға кіруге (және кейін орасан дивидендтер алуға) мүмкіндік болатындай рұқсат ету үшін шағын, әдетте қолма-қол соманы салу керек; бұл әділ емес ойынның айқын белгісі;
  5. егер компанияның өкілдері сіздің ақшаңыз кірістілігі жоғары кәсіпорындарға (мұнай немесе алтын өндіру, құрылыс салалары) инвестицияланады деп мәлімдесе, осы қызметті құжатпен растауды сұраңыз; құжаттар жоқ болса – бұл сіздің алдыңызда тұрған алаяқтар екені 100 пайыз;
  6. егер бір іс-әрекет, мәселе дұрыс болмаса, шартта компанияның сіздің алдыңызда жауапкершілік атқаратыны не атқармайтыны түсініксіз; немесе сіздің алдыңызда жауапкершілікті кім атқаратыны түсініксіз – және сіз ешқандай да жағдайда өз ақшаңызды оларға салмаңыз;
  7. сізден жаңа клиенттерді тартуды сұрайды – бұл сіздің алдыңызда басқалар арқылы пайда тапқысы келетін, айқын емес қаржылық схема.

Қаржы пирамидасына кіру, әдетте, ерікті түрде және құқықтық қызмет көрсетусіз жүргізіледі. Бұл салынған қаражатты қайтаруға ешкім кепілдік бермейтінін білдіреді. Сондықтан егер сізді шартқа қою және ақша салу үшін асықтырса, арандатуға жол бермеңіз.

Егер сіз қаржы пирамидасына түсіп қалсаңыз және өз қаражатыңызды қайтарып алғыңыз келсе, онда барлық құжаттарыңызбен бірге құқық қорғау органдарына жедел жүгініңіз.

Пирамида құрбандарының арасында аз ғана ақшасынан айырылған көп адам болады. Олардың көпшілігі ақшасын жоғалтқанына шарасыздықпен көнеді. Бұл алаяқтарға адамдарды алдауын жалғастыруға мүмкіндік береді. Егер сізді алдаса, үндемей қалмаңыз, іс-әрекет жасаңыз. Алаяқтармен күрес кезіндегі маңызды сәт – бұл істі жария  түрде жүргізу. Қазақстанда қылмыстық жауапкершілік – қаржы пирамидасын құрғаны және (немесе) қызметіне басшылық жасағаны үшін (ҚР Қылмыстық кодексінің 217-бабына сәйкес); әкімшілік – қаржылық (инвестициялық) пирамида қызметінің жарнамасын шығарғаны, таратқаны және орналастырғаны үшін («Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР кодексінің 150-бабына сәйкес) жауапкершілік көзделген.

Кез келген жағдайда, қаражат салу туралы шешім қабылдамас бұрын, алдымен мәселені барынша мұқият зерделеу және ешқашан асықпау керек. Егер қаржы пирамидасына тап болсаңыз, онда бұл факт туралы ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне info@finreg.kz, Fingramota@finreg.kz электрондық поштасы немесе «Fingramota Online» мобильдік қосымшасы («Қаржылық пирамидалар және қаржылық алаяқтық» бөлімі) арқылы хабарлаңыз.

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Қазақстан Қаршыгерлер Қауымдастығы
Бірінші кредиттік бюро
Сақтандыру Омбудсманы
Ресей Федерациясының Қаржы омбудсмені