Өз дербес деректеріңізді сақтаңыздар!
Алаяқтар жанданды!
Жаңа жылдың басынан бастап қаржы алаяқтары тағы да тартымды ұсыныстар мен күмәнді сілтемелері бар электрондық хаттарды белсенді түрде жібере бастады, онлайн режимде «тұзақтар» қоя бастады, сондай-ақ банктер мен өзге де қаржы ұйымдарының қауіпсіздік қызметтерінің қызметкерлері ретінде өздерін таныстыра отырып, азаматтарға қоңырау шала бастады. Fingramota.kz Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығымен бірлесіп сіздің ақшаңызды қорғауға көмектесетін қарапайым қауіпсіздік ережелерін естеріңізге салады.
Әлеуметтік желілерде қазір онлайн режимде электрондық-цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) жылдам алумен байланысты алаяқтықтың жаңа нысаны таратылуда. Алаяқтар қол қоюды тез және белгілі бір ақыға жасауды ұсынады, сонымен бірге міндетті түрде азаматтың жеке деректерін сұрайды. Бұлай етуге ешқашан болмайды, тек egov.kz ресми порталында ғана ЭЦҚ-ны алу мен өз деректеріңізді енгізуді жүзеге асыра аласыз.
Интернетте, әсіресе танымал әлеуметтік желілерде сіз басқа да қаржылық алаяқтыққа тап болуыңыз мүмкін. Мысалы, алаяқтар жалған боттарды, соның ішінде белгілі банктердің атынан боттар жасайды, олар, мысалы, әртүрлі қаржылық қызметтерді алу жөнінде кеңес беруді немесе жеңілдікті кредит, әлеуметтік төлемдер, зейнетақы қаражатын алуға, теріс кредиттік тарихты жоюға өтінім беруді және басқа да болжамды қаржылық қызметтерді ұсынады. Мұндай жалған боттар пайдаланушылардан жеке деректерді және банк карталарының деректерін енгізуді сұрайды, тіпті SMS-тен кодты сұрай алады, оны алғаннан кейін алаяқтар аңғал азаматтардың картасындағы барлық ақшаны қағып ала алады.
Қаржы алаяқтары интернет-кеңістігінде өз дегендерін істеп, «балықшылар» сияқты қармақтарын сайлап, жаппай фишинг-шабуылдарға көшуде, олар өз құрбандарына банк қызметкерлерінен деп электрондық хаттар немесе аттас сайтқа әкелетін сілтемелері бар SMS-хабарламалар жібереді. Олардың айла-шарғылары пайдаланушы хатта немесе SMS-хабарламада көрсетілген сілтеме бойынша кіріп, өзінің жеке деректерін (ЖСН, жеке басын куәландыратын құжаттың нөмірі), төлем картасының деректемелерін, сондай-ақ мобильді банкингтің логині мен паролін енгізуіне бағытталған. Не сілтеме бойынша кіргенде пайдаланушының құрылғысына вирус кіреді де алаяқтарға қажетті барлық деректерді ұрлайды.
Бұдан басқа, алаяқтар банктің клиенттеріне телефон соғып, өздерін қауіпсіздік қызметінің немесе карточка бөлімінің қызметкері ретінде таныстырып, түрлі ұтыс ойындарына немесе лотереяларға қатысуды ұсынады, карт-шоттарға шабуылдармен қорқытады немесе кредиттік «каникулдар» алу мүмкіндігімен және т.б. қызықтырады. Телефон алаяқтары, әдетте, азаматтарға ойлануға мұрсат бермейді, олар нақты, кәсіби іс-әрекеттерімен, сенімді сөздерімен ерекшеленеді.
Есіңізде болсын, банк менеджерлері клиентке өздері бірінші болып телефон соқпайды, егер де сізге қоңырау шалып, сіздің шотыңыздағы түсініксіз транзакцияларды бұғаттау үшін SMS-пен келетін кодты сұраса, әңгімені доғарып, сізге қызмет көрсететін банкпен байланысыңыз.
Өзіңіздің дербес деректеріңізді, оның ішінде ЖСН, ЭЦҚ, картаның сырт жағындағы CVV-кодты белгісіз адамдарға ұсына отырып, картадағы немесе шоттағы барлық қаражатыңыздың қолма-қол ақшаға аударылып кету қаупі бар. Сондай-ақ, сіздің атыңызға күмәнді мәмілелер, жалған несие ресімделуі немесе автокөлік қайта ресімделуі мүмкін.
Өзіңізді және ақшаңызды қаржы алаяқтарынан сақтау үшін қарапайым қауіпсіздік қағидаларын есте сақтаған жөн:
картаңызға SMS - хабарлама немесе Push - хабарлама қызметін қосыңыз;
Ел басына туып отырған осындай күрделі эпидемиологиялық кезеңде ерекше қырағылық танытып, қандай жағдайда болса да құпия ақпаратты ешкімге айтпауға тырысыңыз.