www.bank-ombudsman.kz
office@bank-ombudsman.kz
+7 (727) 261-22-16
+7 (708) 983-30-16
+7 (727) 983-30-16
«Жалған заңгерлер» кредиттерді жауып, жоғалған қаражатты қайтаруға уәде береді

«Жалған заңгерлер» кредиттерді жауып, жоғалған қаражатты қайтаруға уәде береді

Қазіргі қаржылық алаяқтықтың ең танымал схемаларының бірі – азаматтарға кредиттің ауыртпалығынан құтылуға көмектесетін немесе күмәнді жобаларға салынған ақшаны қайтарып беруге уәде беретін жалған заңды ұйым құру. Мұндай ұйымдар өз қызметтерін әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде, поштамен жіберілетін таратылымдарда, тіпті тікелей телефон қоңыраулары арқылы белсенді түрде ұсынады.

Мұндай дилерлердің логикасы қарапайым: егер адам бұрын қаржылық тұзаққа түсіп қалған болса, оның тағы да сеніп қалуы мүмкін. Әсіресе, онымен ресми форматта жұмыс жасасаңыз. Нәтижесінде азаматтар заң көмегін алудың орнына қайтадан ақшасынан айырылады.

Мұндай алаяқтар не ұсынады?

Әдетте, жасырын алаяқтар тек сот арқылы шешілетін немесе мүлдем мүмкін емес істермен айналысуға және оны шешуге уәде береді.

Мысалы, олар кредитті «жабуды» және белгілі бір төлем үшін кредиттік тарихты тазартуды ұсынады. Сыйақы ретінде алаяқтар әдетте қалған қарыздың пайызын сұрайды. Банк пен клиент арасындағы кез келген қатынас шарт негізінде дамиды деп түсіну керек. Қалай болғанда да, екі тарап та бұл шартты орындауы керек. Сондықтан кредитті қайтармай тұрып, одан қандай-да бір басқа жолмен құтылу мүмкін емес.

Сіздің берешегіңіз туралы деректерді қаржы институттарының, сондай-ақ кредиттік бюроның дерекқорынан өшіру мүлдем шындыққа жанаспайды. Ондағы барлық ақпарат өте сенімді қорғалған.

Алаяқтарға қарсы алаяқтар

Жалған заңгерлер бұрын күмәнді ұйымға, мысалы, қаржы пирамидасына салынған жоғалған ақшаны қайтаруға уәде бере алады. Олар сіздің ақшаңызды тезірек қайтару үшін өкілеттіктері мен ықпал ету тетіктері бар екенін айтады.

Әрине, «еңбегінің» ақысын алғаннан кейін, бұл алаяқтар ізін суытып,  ешқандай жұмыс жүргізбейді. Ал қаржы пирамидасына салынған ақшаның тіптен болмағанда  бір бөлігін қайтару өте қиынға соғады - бұл кәсіби заңгерлердің көп уақытын, күш-жігерлерін талап етеді. Сондықтан қаражатты тез және қиындықсыз қайтару туралы уәде - алаяқтықтың бірден бір белгісі екенін естен шығармау қажет.

Сізге өтемақы төленуі қажет

Жалған заңгерлердің жұмысының тағы бір кеңінен таралған бағыты - әртүрлі өтемақылар, бонустар мен дивидендтер алу. 

 Олар сізге мемлекеттің немесе мемлекеттік компаниялардың тарапынан төлемдер төленуі мүмкін деген ақпарат таратады. Сізден талап етілетіні – сауатты жазылған тиісті өтініш құрастыру. Бұл үшін алаяқтар белгілі бір ақы сұрайды, оны алғаннан кейін олар сізге шаблондық өтініш жібереді, мұндай өтініштен ештеңе түспейді не олар сіздің ақшаңызбен мүлдем жоғалады.

Сақ болыңыз! Алаяқтар сонымен қатар,  төлемнің түскені жөнінде хабарлап, сізді алдауы мүмкін. Сізден талап етілетіні – банктік картаңыздың, оның сырт жағындағы кодты енгізу ғана. Егер сіз бұны жасасаңыз, сіз алаяқтардың қызметіне өтеген ақшаңыздан ғана емес, шоттағы барлық қаражатыңыздан айырылып қаласыз. 

Сіз үшін өтініш дайындаймыз

Кейбір ұйымдар сіз үшін мемлекеттік органдарға өтініш жасауды және беруді ұсынады. Олар өздерінің әлеуетті құрбандарын  өз бетінше жасалған өтініштер ешбір жағдайда қаралмайды деп сендіреді.

Іс жүзінде кез келген азамат мемлекеттік органдарға тегін жүгінуге құқылы, ал өтінішті көбінесе еркін нысанда беруге болады. Сонымен қатар, интернет-қабылдаулар жұмыс істейді, онда жедел консультациялар да, өтініштердің үлгілері де бар.

Жалған заңгерлерді нағыз заңгерлерден қалай ажыратуға болады?

Ешқандай нағыз заңгер әсіресе сіздің ісіңіздің барлық мән-жайын білмей 100% нәтижеге кепілдік бермейді. Мұны тек алаяқтар жасайды, олардың басты мақсаты – болжамды қызметтері үшін ақы алу. Агрессивті жарнама және негізсіз жоғары бағалар - жалған заңгерлердің тағы бір құралы. Өйткені, олар бірде-бір қарапайым кеңесші қабылдамайтын мәселелерді шешуге уәде береді.

Айтпақшы, жалған заңды кеңселер көбінесе сәтті заңды әріптестер ретінде көрінеді немесе ресми құрылымдарға жататындығы туралы хабарлайды. Олар ұқсас атауларды қолдана алады және тіпті аз айырмашылықтары бар мемлекеттік органдардың сайттарының клондарын жасай алады.

Егер Сізге қаржылық өнімдер мен қызметтерге қатысты кеңес қажет болса немесе Сіздің қаржылық қызметтерді тұтынушы ретіндегі құқықтарыңыз бұзылды деп санасаңыз, Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне:

• электрондық пошта: info@finreg.kz; Tal@finreg.kz;

• А15С9Т5, Алматы қ., Көктем-3 ш/а, 21-үй мекенжайы бойынша жазбаша нысанда

• Өңірлік өкілдер басқармасына (тұрғылықты жері бойынша).

• +7 (727) 237 1000 жедел желі телефоны бойынша хабарласуыңызға болады.

 

Сақ болыңыз  және күмәнді заңды ұйымдарға сенбеңіз

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Қазақстан Қаршыгерлер Қауымдастығы
Бірінші кредиттік бюро
Сақтандыру Омбудсманы
Ресей Федерациясының Қаржы омбудсмені