Американдық Invesp аналитикалық компанияның зерттеулері бойынша барлық сатып алушылардың 84 пайызы сатып алуларды аяқ асты, ойланбай жасайтын көрінеді. Адамдар аяқ асты сатып алуларды тек бір мақсатпен, яғни ертеңгі күні не боларын ойламай, дәл осы сәтте қуаныш сезіміне бөлену үшін жасайды. Алайда, мұндай сатып алулар – саналы тұтынудың басты жауы.
Fingramota.kz шығындарыңызға қатысты саналы қаржылық мінез-құлықтың негізгі қағидаттары жөнінде айтып береді және бірнеше ұсыныстар береді.
Заманауи әлемнің адамға күннен күнге төтеп беру қиынға соғатын, «мен мұндалап», еліктіретін дүниелері арта түсуде, әрине, оған бой алдырып, өзін «керемет шопингпен» қуанышқа бөлеу көп адамның арманы. Теледидар экранынан, интернеттен бір сәт толастамайтын жарнама бізге шын бақыттың көзі – неғұрлым көп сауда жасау деп сендіруге тырысады.
Белгілі дизайнерлер де қалыс қалмай, күнде бір жаңа тенденциялар ойлап табады: бір күні көйлекті қысқартса, ертеңгі күні ұзартып жатады, оның пішінін, түсін өзгертеді. Гаджет өндірушілер жыл сайын олардың неғұрлым жетілдірілген, жаңғыртылған жаңа үлгілерімен таныстырып жатады. Осының барлығы бір мақсатты діттейді: бізді тек сатып алу, сатып алу және де сатып алуға мәжбүрлеу. Нәтижесінде, шығыстар деңгейі кірістер деңгейінен аса бастайды, адамдар ертеңгі күні ақшаны қайтаруды, оның үстіне үстеме пайыздармен қайтаруды ойламай, кредит алуға жүгіреді.
Мойныңызға «қарыз қомытын» ілгіңіз келмесе, өз шығындарыңызға ойланып барып, саналы түрде қарау қажет.
Алдымен өзіңізге мынадай сұрақтар қойыңыз және оған шын жауап беріңіз:
– Сіз өзіңіздің қаржылық жай-күйіңізге қаншалықты разысыз?
– Сіз нені өзгерте аласыз?
– Егер де Сізде ақша көп болса, Сіз бақыттырақ боламын деп ойлайсыз ба? Ия болса, онда не өзгереді?
Өзіңіздің қаржылық жай-күйіңізді жақсарту үшін Сізге меншікті қаржылық қағидалар бен қағидаттарды меңгеруді ұсынамыз. Олар Сізге ойланбай жасалған шығындардан аулақ болуға және саналы қаржылық шешімдер қабылдауға көмектеседі.
Жеті пайдалы қаржылық әдеттер
Сіздің қаржылық әдеттеріңіз сіздің қажеттіліктеріңізден бастау алуы тиіс, ал саналы түрде тұтыну қағидалары әдеттегі өмір сүру салтыңызға енуі керек.
Өзіңізден бақытты болу үшін қанша ақша табу керек екендігін сұраңыз? Әрине, бұл сұрақ жауапты қажет етпейді, іс жүзінде әрқайсымызға негізгі қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін әрдайым үлкен қаражат қажет емес. Ғалымдар табыс деңгейінің белгілі бір нүктесіне жеткеннен кейін ақша көлемінің ұлғаюы қанағаттануды тоқтататынын дәлелдеді. Әрине, көп нәрсе адамның жеке амбицияларына байланысты, бірақ мұндай заңдылық барлық адамдар үшін бар.
Көптеген табысты адамдар, материалдық мүмкіндіктеріне қарамастан, өз өмірінде саналы тұтыну қағидаттарын қолданады. Бір кездері бұл тренд болды, сәнге айналды және біртіндеп қарапайым өмір салтына айналды. Ең бай адамдардың бірі Уоррен Баффет 1957 жылы сатып алынған қарапайым үйде тұрады, Amazon компаниясының бас директоры Джефф Безос 1996 жылғы Honda Accord автомобилімен жүреді, ал Duty Free-дің негізін қалаушы Чарльз Фини эконом-класта ұшады. Мұндай мысалдар өте көп.
Сондай-ақ, Сіз қаржы саласында ғана емес, басқа да қызмет салаларында саналы тұтынудың жақтаушысы бола отырып, өзіңіздің жақындарыңыз бен достарыңыз үшін үлгі бола аласыз.
Өзіңізді, ақшаңызды қорғаңыз және Fingramota.kz-пен қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!