Баланы ақша жұмсауға қалай үйретуге болады?
Балаға ақша бермес бұрын онымен негізгі ережені талқылап алыңыз. Әуелі отбасында ақшаның қайдан пайда болатынын және оның қалай бөлінетінін түсіндіріп беріңіз. Өзіңізді үлгі ретінде көрсетіп, ақшаны қалай ұтымды жұмсауға, жинақтауға және көбейтуге болатынын үйретіңіз.
Осындай жолмен сіз өз балаларыңызға ересек өмірді сенімді әрі қаржылық тұрғыдан тәуелсіз адам ретінде бастауына көмек бересіз.
- Аптасына бір күн, мысалы сенбі не жексенбі балаларыңызбен қаржылық тексеру жүргізіңіз: қанша жұмсалды, қанша ақша алды. Әрине, есеп беру мен талқылау емен-жарқын ортада іске асуы тиіс.
- Балаңызды сәтті қаржылық шешімі үшін мақтап, қолпаштап, қателіктері болса байыппен талқылаңыздар. Бастысы, бала сабақ алса болғаны. Орынсыз шығындары үшін ұрсудың қажеті жоқ. Өз қателіктерінен сабақ алуға рұқсат беріп, қажет болғанда кеңес беріп көмектесіңіз.
- Бірге бюджетті жоспарлау туралы пайдалы кітаптарды оқып, ақша жайлы фильм көріңіздер. Және естеріңізде болсын: балалар көп жағдайда ата-анасынан үлгі алады, сондықтан да өз қаржылық сауаттарыңызды жетілдіріп, қаржылық тәртіпті нығайтыңыздар.
Толығырақ сілтемеден оқыңыз: https://www.fingramota.kz/kk/kids-app/publication/oyla-zhurnalynda-arzhyly-sauattyly-bojynsha-balalar-arnal-arnajy-bet-shyty
Осы тақырып бойынша біздің бейнеролигімізді мына сілтеме бойынша көріңіздер: https://www.youtube.com/watch?v=BbCrSlueT4A
Қаржылық сауаттылығыңызды Fingramota.kz-пен бірге арттырыңыз!