www.bank-ombudsman.kz
office@bank-ombudsman.kz
+7 (727) 261-22-16
+7 (708) 983-30-16
+7 (727) 983-30-16
Сақтандырудағы франшиза: қажеті бар ма немесе жоқ па?

Сақтандыру шартына қол қоюдың алдындағы маңызды сәттердің біреуі – бұл франшизаның болуына және оның мөлшеріне назар аудару. Франшиза дегеніміз не, ол төлемге қалай әсер етеді және сақтанушыға тиімді ме, бұл туралы Fingramota.kz. толығымен айтып береді.

Сақтандыру франшизасы дегеніміз не?

 

ҚР Азаматтық Кодексінде жазылғандай франшиза сақтандырушыны сақтандыру талаптарында көзделген, белгілі бір мөлшерден аспайтын залалды өтеуден босату. Қарапайым сөзбен айтқанда, бұл сақтандыру компаниясы сізге өтемейтін қаражаттың бір бөлігі. Егер сақтандырушы залалды өтемейтін болса, онда бұл талапты шартқа қосудың қажеті қанша деп ойлайсыз, алайда франшизаның  сақтанушы үшін бірқатар артықшылықтары бар.

Түсінікті болу үшін мысал түрінде қарап көрейік. Мәселен, сіз КАСКО ерікті сақтандыру полисін сатып алғыңыз келді және шарт жасау үшін сақтандыру компаниясына өтініш жасадыңыз. Шартта егер сіздің авто ЖКО-нан зардап шеккен жағдайда, сіз сақтандырушыдан 1 млн теңгеге дейін шығынның өтемін аласыз деп жазылған. Бұл сіз үшін, әрине, тиімді, бірақ полистің бағасы тиімді емес – өте қымбат. Сонымен қатар, сіздің жүргізу тәжірибеңіз көп, сіз жолда өте сақ жүресіз және бірде-бір рет ЖКО-на ұшыраған жоқсыз. Сол кезде франшизаны шарттың талаптарына қосуға болады. Тараптардың өзара келісімі бойынша шартта, мысалы, егер, шығын  300 мың теңгеден аз сомаға келтірілген болса, сақтандырушы сізге ештеңе төлемейді деп жазылады. Онда сақтандыру құны айтарлықтай төмен болады.

Осыған байланысты сіз үшін және сақтандыру компаниясы үшін франшизаның артықшылықтары туындайды, бірақ кемшіліктері де жоқ емес.

 

Франшизаның жақсы жақтары

 

Сақтандыру компаниясының клиенті үшін басты артықшылығы – төмен тариф, ол құны бойынша франшизамен полисті онсыз әлдеқайда тартымды етеді. Франшиза неғұрлым көп болса, полис соғұрлым арзан және керісінше.

Сақтандырушының пайдасы - франшизаның болуына байланысты машинадағы болмашы сызаттар мен абразиялар, әйнектердің зақымдануы және басқалар сияқты шамалы шығындармен жұмыс істеу қаупі азаяды. Яғни, франшиза сақтандыру компаниясына зиянды өтеуге жұмсалатын ресурстарды үнемдеуге, осылайша сақтандырушыны түсіруге және одан да үлкен шығындарға назар аударуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар полис құнының төмендеуінің арқасында сақтандыру компаниясы клиенттерді барынша көптеп тарта алады.

 

Франшизаның кемшіліктері

 

Франшизасы бар полистің екі тарап үшін де кемшіліктері бар.

Сақтанушы үшін – өтемақының шағын мөлшері немесе сақтандыру жағдайы орын алған кезде оның болмауы. Кейде сақтанушыға өз есебінен жөндеу  франшизасыз толық сақтандыру құнынан гөрі қымбатқа түсуі мүмкін.

Сақтандыру компанияларының барлық клиенттері шартта франшизаның болуына назар аудармайды. Кейде олар оны жосықсыз сақтандырушы жасыруға тырысатын қулық ретінде қабылдайды. Бұл сақтандырушылар үшін франшизаның негізгі «минусын» білдіреді. Клиенттер франшиза бойынша  өздерінің сақтандыру ақшасын толық ала алмағанда наразылық білдіреді және бұл олардың барлығы бір кездері сақтандыру шартының талаптарымен мұқият таныспағандығынан болып отыр. Мұндай сақтанушылардың компания туралы жаман пікірлері оның беделіне теріс әсер етуі мүмкін.

 

Fingramota.kz әрқашан азаматтардың назарын шарттың барлық тармақтарымен қол қойылғанға дейін танысудың маңыздылығына аударады. Сақтандыру шарты Сіздің сақтандыру компаниясымен кейінгі қарым-қатынасыңызды реттейтін негізгі құжат болып табылады.

 

Франшиза түрлері

 

Көбіне франшиза КАСКО, жүргізушінің МАҚЖ, азаматтардың өмірін және денсаулығын сақтандыру, шетелге шығатын туристерді медициналық сақтандыру, жылжымайтын мүлікті сақтандыру полистерінде кездеседі.

Шартты және шартсыз франшиза түрлері болады.

Шартты немесе шегерілмейтін: мұнда сақтандырушы франшизаның белгіленген көлемінен аспайтын залалды өтеуден босатылады. Яғни, залал сомасы франшизаның белгіленген көлемінен төмен болса, сақтанушы компаниядан ешнәрсе алмайды. Егер залал көлемі франшизаның белгіленген сомасынан артық болса, онда сақтандырушы оны сақтанушыға толық көлемде өтеп беруге міндетті.

Шартсыз немесе шегерілетін: ол кезде франшиза мөлшері сақтандыру өтемақысы сомасынан шегеріледі, бұл зиянның франшизаның белгіленген сомасын шегере отырып төленетінін білдіреді.

Франшиза түрлерін қарапайым мысалдар арқылы талдайық.

 

№ 1 - мысал

 

Шарт бойынша сақтандыру сомасы 580 000 теңгені, шартсыз франшиза мөлшері – 11 600 теңгені құрайды. Залал сомасы 10 500 теңгеге бағаланды. Сақтанушы төлемді алмайды, себебі залал сомасы франшизаның белгіленген мөлшерінен кем. Ал егер залал сомасы 30 000 теңгені құрайтын болса, онда сақтанушы зиянның барлық сомасын алады, өйткені ол шартты франшизасы бар полисті сатып алды.

 

 № 2 - мысал

 

Сақтандыру шартындағы сақтандыру төлемінің сомасы 580 000 теңгені құрайды, ал шартсыз франшизаның мөлшері – 11 600 теңге.  Сақтандыру жағдайы орын алды, залал сомасы 10 000 теңгеге бағаланды. Сақтандыру компаниясы сақтанушыға залалды өтемейді, өйткені оның сомасы белгіленген франшиза мөлшерінен – 11 600 теңгеден аспайды. Ал егер залал сомасы 25 000 теңгені құрайтын болса, онда сақтанушы 13 400 мөлшерінде өтемақы алады.  («залал сомасы» (25 000 теңге) минус «франшиза мөлшері» (11 600 теңге)).  

 

Әдетте, сақтандыру компаниясы клиенттерге олар үшін барынша тиімді және басымдық берілген тарифтар мен франшизаларды таңдаулы ұсынады. Ал сақтанушыға  өзі үшін ойланып, мынадай шешім қабылдағаны жөн: франшиза бар сақтандыруды таңдай отырып, полис бағасын үнемдеудің мәні бар ма немесе франшизасыз полисті төлеген жақсы ма және сақтаныру жағдайы бола қалған жағдайда жоспарланбаған шығынға алаңдамағаны дұрыс па.

 

Fingramota.kz сақтандыру компаниясын таңдауда мұқият болуды ұсынады. Бұл туралы әлеуметтік желілерде және форумдарда пікірлерді оқып шығыңыз, «алаяқтардың» арбауына түсіп қалмау үшін сақтандырушының лицензиясының болуын міндетті түрде тексеріңіз. Лицензияның болуын ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің www.gov.kz сайтында тексеруге болады

 

Мұқият болыңыз және өз қаржылық сауаттылығыңызды Fingramota.kz-пен арттырыңыз!

 

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Қазақстан Қаршыгерлер Қауымдастығы
Бірінші кредиттік бюро
Сақтандыру Омбудсманы
Ресей Федерациясының Қаржы омбудсмені