www.bank-ombudsman.kz
office@bank-ombudsman.kz
+7 (727) 261-22-16
+7 (708) 983-30-16
+7 (727) 983-30-16
Төлемдер, аударымдар және онлайн-алаяқтар

Қазіргі қарқынды цифрландыру заманында әлем біртіндеп онлайн-төлемге көшті: біздер көбіне банктердің мобильді қосымшаларын пайдаланып, тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер үшін онлайн-төлемдер жасайтын болдық. Бұл жылдам әрі қолайлы, алайда оның да өзіне тән кейбір тәуекелдері бар. Осы тақырыпты бүгінгі мақаламызда сөз қыламыз.

Цифрлық және виртуалды карталар

Бүгінде қолма-қол ақшаның орнын банктік карталар мен электронды әмиян – яғни, электронды төлем жасау құралдары басты. Олардың қалай жұмыс істейтінін көпшілігіңіз білетін де шығарсыздар.

Электронды әмиян оператордың арнайы сайтында ашылады, сіздің төлем картаңыз оған таңылмауы да мүмкін. Сіз электронды әмияныңызға белгілі бір соманы аударып, төлемді не аударымды сол арқылы жасайсыз. Алайда, әмияндағы ең жоғары сома мен банк арқалы аударымдарға қатысты шектеулер бар.

Банк карталарына келер болсақ, ата-аналардың көбі балаларына қарапайым пластик карта алып беруге асықпайды, себебі оны жоғалтып алу оп-оңай. Олар өз мобильді банкингтерінде цифрлық немесе виртуалды карта ашады – бұл банк қызметтерін смартфон не планшет арқылы алуға болатын қолайлы сервис, оның көмегімен өз шотыңыз бойынша кез келген банк операциясын жүзеге асыра аласыз. Мұндай картаның қарапайым картадан ерекшелегі жоқ десе де болады, тек оның пластик тасымалдаушысы жоқ. Оны да телефоныңызға байланыстырып,  тауарлардың ақысын төлей аласыз. Бірақ бұл онлайн-сауда тұрғысынан алғанда айтарлықтай қауіпсіз.

Егер, мысалы, сіз виртуалды немесе цифрлық карта байланыстырылған телефоныңызды жоғалтып алсаңыз, болмаса ол қаржылық алаяқтардың қолына түссе, олар ата-анаңыздың негізді, жалақы карталарына қол жеткізе алмайды. Әкеңіз немесе анаңыз мобильді банк қосымшасы арқылы картаңызды бұғаттап, жаңасын шығара алады. Телефоныңыз үшін ғана ішіңіз ашиды, сондықтан, гаджеттеріңізге мұқият әрі сақ болыңыздар.

Онлайн-төлемдердің өсуімен бірге алаяқтар да көбейе түсті. Алаяқтар  әртүрлі айла-тәсілді пайдаланып, адамдарды өздерінің төлем карталарының деректерін өздері беруге немесе іс жүзінде жоқ тауар немесе қызмет үшін ақша аударуға жасауға итермелейді.

Мысалы, көп жағдайда хакерлер адамдардың әлеуметтік желілердегі және мессенджердегі парақшаларын бұзып, солардың атынан басқаларға щұғыл ақша аударуды өтініп хабарлама жолдайды. Мысалы, әлеуметтік желідегі досыңыз ота жасау үшін шұғыл ақша аударуды өтініп жаза алады. Бұл жағдайда бірден өзіне хабарласып, осы ақпараттың шын не жалған екенін нақтылаңыз.

Алаяқтар сонымен қатар байқаусызда басқа телефон нөміріне ақша жіберіп алғандарын хабарлап, SMS жолдап, осы соманы қайтаруды өтінеді. Осы хабарды ата-аналарыңызға көрсетіңіздер, олар мобильді банкингтен ақшаның түскені жайлы ақпаратты тексерсін, егер ақпарат рас болып шықса, онда ақшаны өздеріңіз қосымша арқылы аудармай, бұл туралы банкке хабарлау қажет.  

Көп жағдайда алаяқтар фишинг сайттарға сілтемелер бар хабарламалар таратады. Мысалы, «Сіз жаңа айфон ұтып алдыңыз, толығырақ сілтемеде…», «Сәлемдемені жеткізу үшін жасалған артық төлемді карта арқылы қайтарамын – картаның деректерін енгізіңіздер…», «Картаның қолданылу мерзімін айтыңыз, тоңазытқыш үшін алдын-ала төленген соманы аударамын»  және т.б. Сілтеме арқылы олар сізден төлем картасының деректерін, тіпті, оның арғы бетіндегі ешкімге айтуға болмайтын CVV/CVC-кодқа дейін жазуды сұрайды. Мұндай деректерді алғаннан кейін алаяқтар картадағы барлық ақшаны оп-оңай шешіп, тіпті негізгі картаның иесі болып табылатын ата-аналарыңыздың бірінің атына еш қиындықсыз кредит рәсімдей алады.

Әркез сақ болыңыздар: телефон, планшет немесе басқа да кез келген сыйлықтар ұтып алу туралы хаттардың сілтемелеріне өтпеңіздер, интернеттегі күмәнді сайттардан ештеңе сатып алмаңыздар, ақша аударымдары туралы хабарларды тексеріңіздер. Әрқашан ата-аналарыңызды көмекке шақырыңыздар, олардың жұмыстан оралуын күтіп немесе қоңырау шалу қажет, сондай-ақ үлкендерден кеңес сұраудан ұялмаңдарыздар.

Егер ата-аналар сен үшін пластикалық карта ашса, онда оның PIN-кодын ешкімге айтпаңыз, оны картаның өзіне немесе кейбір адамдар картамен бірге сақтайтын қағазға жазбаңыз. ПИН-кодты банкомат арқылы немесе мобильді банктік қосымшаның көмегімен оңай өзгертуге болады.


Сілтеме: https://fingramota.kz/kk/news/post/tlemder-audarymdar-zhne-onlajn-alayatar

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Қазақстан Қаршыгерлер Қауымдастығы
Бірінші кредиттік бюро
Сақтандыру Омбудсманы
Ресей Федерациясының Қаржы омбудсмені