www.bank-ombudsman.kz
office@bank-ombudsman.kz
+7 (727) 261-22-16
+7 (708) 983-30-16
+7 (727) 983-30-16
Психологтардың кредит тұзағы туралы ойы

Кредит алу қанағаттанудың жалған сезімін береді, ақша сізге тез және оңай келген сияқты болады . Сіз қалаған затыңызды оңай сатып ала аласыз: жаңа гаджет, автомобиль, жылжымайтын мүлік және басқа да артықшылықтар, мақсатқа қол жеткізілді. Сондықтан көп адам кредитт і жоспарды жүзеге асыру мүмкіндігі ретінде қарастырады. 

Алайда кредит міндеттерін орындауға жауапсыздықпен қараған кезде, қарыз алушы « қарыз ға бату», невроз алуы және қорқыныш жай-күйіне түсуі   әбден мүмкін. Fingramota.kz бұл мәселені п сихология және коучинг саласындағы қазақстандық сарапшылармен бірге талқылайды.

Ыңғайсыздықтың құрамдас бөліктері

Сонымен, егер қандай да бір себептермен төлем кестесі бұзылса, қарыз алушы сезінетін ыңғайсыздық неден тұрады? Психологтардың айтуынша, бірінші кезекте ар-ождан. Ол мезгіл-мезгіл өзін еске түсіреді. Екінші компонент, психологтардың пікірінше, қорқыныш және ол бірнеше түрден тұрады. Сатып алынған зат жеке меншікке теңестіріледі және оның жоғалуы қорқыныш тудырады. Психологтардың қорқыныштың тағы бір компоненті немесе түрі жазадан қорқуды талап ететін қол қойылған шарттардың бұзылуын атайды. Екі қорқыныш ай сайынғы қарызға тепе-тең түрде өседі. Міне, қызықты факт: сіз төлеуіңіз керек, бірақ мотивация жоқ. Және ол қалаған нәрсені алғаннан кейін дереу жоғалады.

Кейде борышкер алдыңғы кредитін жабу үшін тағы да кредит алады. Ол не үшін осындай қадамға барады? Психологтар түсіндіргендей, осылайша адам алдында алған кредитімнен құтылдым деп санайды екен. Алдыңғы кредит жабылды, мен әрекет жасадым деп ойлайды. Өкінішке орай, бұл әрекеттердің барлығы ол адамның борыш жүктемесінің одан әрі арта түсуіне әсерін тигізеді.

Борыштық міндеттемелер адам психикасына айтарлықтай әсерін тигізеді. Күтпеген борыштың туындауы, банкроттықтың алдында тұрған, сәтсіз құрылған бизнесті кредиттеу осының бәрі борышкердің мойнына жүктеледі. Ағза – өте күрделі механизм, және оның ұзақ уақыт бойы қатты күйзеліс жағдайында болуы үрей шабуылына ұласуы және ұзақ мерзімді депрессия пайда болуы мүмкін. Қарыз туралы ой үнемі ашуланшақтыққа және қорқыныш жағдайына алып келеді. Мұндай уайымнан жүрек талмасы,  бас ауыруы және қан қысымының жоғарылап не төмендеп кетуі мүмкін. 

Мұндай жағдайларда психолог маманның көмегіне, ал кейде психотерапевтің көмегіне жүгінген жөн.

«Мұндағы ең бастысы – сізге көмек керек екендігін түсіну. Мұндай жағдайға тап болған адамдар оларға басқа ешкім көмектесе алмайтындай есептейді. Немесе өз қажеттіліктерін мойындамайды. Тіпті маманмен немесе достарымен болған қарапайым әңгіме адамға қиын жағдайдан шығатын жол табуға көмектеседі», - деп есептейді психолог Шарапат Байбол.

Кредитті ресімдеуге қалай дайындалған дұрыс?

Бірінші кезекте кез келген кредит – үлкен жауапкершілік екенін есте сақтау қажет! Оны алмас бұрын, ол сізге расымен қажет пе, жоқ па соны ойлаңыз. Оны ресімдеу арқылы сіз кредитор алдында өзіңізге белгілі бір қаржылық міндеттерді артасыз. Жеке бюджетке қосымша жүктеме салудан бас тартқан жөн. Кредиторлардың қызықтыратын жарнамалары мен маркетингтік айлаларына алданбаңыз. Шарттары анағұрлым жақсы болмаса, ешқандай жағдайда «алдыңғы» кредитті өтеу үшін жаңа кредит алудың қажеті жоқ. 

Барлық тәуекелдерді саралаңыз. Мысалы, сіз жұмыссыз қалу немесе сырқат салдарынан уақытша еңбекке қабілетсіз болсаңыз, кредит бойынша төлемді уақытылы енгізе аласыз ба, тағы басқасы. 

Борыш жүктемесінің коэффициенті туралы ұмытпаңыз. Қарыз бойынша ай сайынғы төлем сіздің ресми табысыңыздың жартысынан (50%) аспауы тиіс. Кредит бойынша ай сайынғы төлемді төлегеннен кейін сізде отбасының әрбір ересек мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейінің сомасынан және әрбір кәмелетке толмаған мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейінің жарты сомасынан кем болмайтындай қаражат қалуы тиіс. Егер кредитті өтеуіңізге бүкіл дерлік табысыңыз жұмсалатын болса, онда сіз қарызға батып кетпеу үшін кредит туралы ұмытқаныңыз абзал.   

Қарызды рәсімдеу алдында бірнеше қаржы ұйымдарының ұсыныстарын мұқият зерделеңіз. Бұл ретте сізге қарыз берудің алдын ала шарттарын қамтитын жадынама көмектеседі. Шарт жасасқанға дейін қарыздың негізгі шарттары туралы толық ақпарат бар титул парағына ерекше назар аударыңыз.

Шартқа қол қоймас бұрын оның талаптарын мұқият оқып шығыңыз! Егер бір нәрсе түсініксіз болса, қаржы ұйымының менеджерінен сұраңыз. Шарттың талаптары бойынша, тараптардың құқықтары мен міндеттері туралы, оның ішінде мерзімі өткен жағдайда салдары туралы кез келген нақтылайтын сұрақтар қойыңыз. Мүмкіндік болса, заңгермен кеңесіңіз.

Сіздің кредит туралы шешіміңіз, әсіресе ұзақ мерзімді, салмақты, ойластырылған және максималды шынайы болуы керек, тек осылайша орын алуы мүмкін кредит тұзағына байланысты психологиялық ыңғайсыздықты азайтуға және қаржылық тәуелділіктен қорқу сезімін жоюға болады.


Сілтеме: https://fingramota.kz/kk/news/post/psihologtardy-kredit-tzay-turaly-ojy

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Қазақстан Қаршыгерлер Қауымдастығы
Бірінші кредиттік бюро
Сақтандыру Омбудсманы
Ресей Федерациясының Қаржы омбудсмені