Кредит – бұл үлкен жауапкершілік!
Қарыз шартына қол қоя отырып, қарыз алушы автоматты түрде оның талаптарымен, оның ішінде мерзімі өткен берешекті өндіріп алу бойынша кредиттік ұйымдардың іс-әрекеттерімен келіседі.
Сол себепті, шартқа қол қоймас бұрын оны мұқият оқып, зерделеу қажет!
Мынадай тармақтарға назар аударыңыз:
• Қарыз сомасы және мерзімі;
• Сыйақы мөлшерлемесі;
• Төлемдер саны және тәртібі;
• Артық төлем сомасы;
• Тараптардың құқықтары мен міндеттері.
Егер сізде сұрақтар пайда болса, кредиттік ұйымның консультантына жүгініңіз. Менеджерге кредиттеу талаптары, тараптардың құқықтары мен міндеттері, қарыз қаражатын қайтармаған жағдайда оның салдары жөнінде кез келген нақтылаушы сұрақтар қойыңыз. Ол сізге егжей-тегжейлі ақпарат беруге, кредит бойынша пайыздарды есептеп беруге және өтеу кестесін түсіндіруге, сондай-ақ кредит бойынша мерзімін өткізіп алу пайда болған жағдайда не істеу қажеттілігін айтып береді.
Сілтеме: https://fingramota.kz/kk/news/post/aryz-shartynaoyu-kezinde-miyat-bolyyz