Қазіргі уақытта өмірімізді электрондық цифрлық қолтаңбасыз (ЭЦҚ) елестету қиын, оның көмегімен біз тәуліктің кез келген уақытында және аптаның кез келген күнінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер аламыз, оның көмегімен онлайн-қабылдау бөлмелеріне жүгінеміз, тұрғын үй кезегін қадағалаймыз, мәмілелер және тағы басқалар жасасамыз. Алайда, мұның кері жағы да бар: егер сіз қырағылық танытпай, электрондық цифрлық қолтаңбаңызға сақ болмасаңыз, алаяқтардың құрбаны болуыңыз әбден ықтимал.
Алаяқтар ЭЦҚ-ны қалай пайдалануы мұмкін және оны қалай қорғауға болатыны жөнінде Fingramota.kz-пен бірге қарастыралық.
Электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) – бұл сіздің қолжазба қолтаңбаңыздың цифрлық баламасы. Белгілі бір цифрлық құжаттарға жеке ЭЦҚ-мен қол қою арқылы сіз іс-әрекеттеріңіздің заңдылығын растайсыз.
ЭЦҚ-ны Қазақстанда жеке, сондай-ақ заңды тұлғалар ресімдейді. Жеке тұлғалар ЭЦҚ-ны мемлекеттік көрсетілетін қызметтер алу, өздерінің зейнетақы аударымдарын немесе медициналық сақтандыруды қадағалау және т.б. үшін пайдаланады. Заңды тұлғалар үшін ЭЦҚ-ны басшы, сонымен қатар қажет болған жағдайда белгілі бір міндеттерді шешу үшін уәкілетті қызметкерлер де алады.
Алаяқтар ЭЦҚ-ны өз мақсаттары үшін қалай пайдалана алады
Егер сіз ЭЦҚ-ны жоғалтып алсаңыз немесе оны бөтен адамдарға қандай да бір «көмек» үшін берсеңіз, онда олардың қолында сіздің барлық жеке деректеріңіз бар есептей беріңіз. Қаскүнемдер ЭЦҚ-ны күмәнді мәмілелер жасау, пәтерде бөгде адамдарды тіркеу немесе сіздің көлігіңізді қайта ресімдеу үшін пайдалана алады.
Түсінікті болу үшін ЭЦҚ-мен алаяқтықтың бірнеше мысалын қарастырайық.
1-мысал: ұйымның қаржысын пайдалану мақсатында жүргізілген алаяқтықтар
ЭЦҚ- мен алаяқтықтың ең көп таралған түрі – басшының өз ЭЦҚ-ын фирманың атынан қаржылық операциялар жүргізуге құқылы қызметкерге беруі.
Жосықсыз қызметкер ұйымның ақшасын жалған мәмілелер мен жалған төлем шоттары арқылы иемденуі мүмкін. Алайда, ЭЦҚ басшының атына тіркелгендіктен, құқық қорғау органдары басшының өзін жауапқа тартады. Бұл ретте қолтаңба иесіне алаяқтыққа қатысының жоқтығын дәлелдеу өте қиынға соғады.
2-мысал: «жоқ адамдарды» жұмысқа орналастыру
Алаяқтар арасында «жоқ адамдарды» жұмысқа орналастыру кеңінен таралған, бұл да басшының ЭЦҚ-сы арқылы жасалады. Жұмысшылар қағаз жүзінде болады, ал олардың жалақысы алаяқтардың қалтасына түседі. Бұл жағдайда да тергеу жұмыстары күрделене түседі, себебі жоқ қызметкерлерді жұмысқа қабылдауға басшының қолы қойылған, ал ол ЭЦҚ-ны қызметкеріне өз еркімен тапсырса да бұл жөнінде бейхабар болады.
3-мысал: пәтерде шектен тыс адамның тіркелуі
Көбінесе ЭЦҚ сыйақы үшін пәтерге тіркеу үшін қолданады, осыдан кейін жүздеген адамды бір пәтерге тіркеуге болады. Бұл жағдай ЭЦҚ жоғалтқан немесе оны басқа адамға сеніп тапсырған баспана иесіне қатысты орын алуы мүмкін.
4-мысал: қылмыскерді ұстау үшін арнайы операция түрінде ЭЦҚ-ны алып қою
Азаматтар алаяқтардың полиция мен мемлекеттік органдар қызметкерлеріміз дегендеріне сеніп, алаяқтардың құрбаны болып жатады. Схема мынадай: адамға, мысалы, құқық қорғау органдарының жалған қызметкері қоңырау шалып, қауіпті қылмыскердің ұсталғанын айтады, осылайша жеке тұлғаның ЭЦҚ және паролінің қажет екені айтылады. Егер адам бас тартса, олар келіскенше қысым жасайды және қорқытады. Алаяқтар ЭЦҚ-ны өз иелігіне алып, банктерге және микроқаржы ұйымдарына кредиттерге өтінімдер жібереді. Содан кейін коллекторлар ЭЦҚ иесіне шығады, оның шоттарына тыйым салады, бұл жерде басқа адамның өтінім бергенін дәлелдеу мүмкін емес.
5-мысал: ЭЦҚ жасауға көмектесу туралы уәде
Азаматтардың ЭЦҚ ерекшеліктері туралы жеткіліксіз хабардар болуы алаяқтарға өте қолайлы. Олар адамдарды азырақ сома берсе де тез қол қоюды ресімдеуге уәде береді. Содан кейін алаяқтар ЭЦҚ мен парольді өздерінде сақтайды және кез келген операция жасай алады — мысалы, көлікті басқа адамға қайта ресімдеу немесе заңды тұлға оларға жүгінген болса, мәмілелерді өз пайдасына жасай алады.
Сондай-ақ, азаматтар халыққа қызмет көрсету орталықтарына жиі жүгінеді және жалпыға қолжетімді стационарлы компьютерлерде ЭЦҚ жасайды. Көптен күткен ЭЦҚ алғаннан кейін, олар компьютердің жұмыс үстелінде сақталған деректерді өшірмей кете барады. Бұдан әрі олардың ЭЦҚ-сын жосықсыз азаматтар өздерінің пайдакүнемдік мақсаттарына пайдаланады.
ЭЦҚ-ны қалай сақтап қалуға болады
Ең бастысы ЭЦҚ-ға немқұрайлы қарамаңыз. Бұл қолтаңбаның заңды күші бар екенін, оған мән бермесеңіз алаяқтардың құрбаны болатыныңызды естен шығармаңыз.
ЭЦҚ пайдалану кезіндегі қауіпсіздіктің негізгі қағидалары:
Өзіңізге, ақшаңызға абай болыңыз және Fingramota.kz-пен бірге қаржылық сауаттылығыңызды арттырыңыз!