www.bank-ombudsman.kz
office@bank-ombudsman.kz
+7 (727) 261-22-16
+7 (708) 983-30-16
+7 (727) 983-30-16
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 16 шілдедегі № 81 қаулысы Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2021 жылғы 16 шілдедегі № 81 қаулысы Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасына өзгерістер енгізу туралы

 

«Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 20) тармақшасына және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 11 қарашадағы №203 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі туралы ереженің 15-тармағының 12) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 69 қаулысымен бекітілген Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын (ипотекалық қарыздарды) қайта қаржыландыру бағдарламасына мынадай өзгерістер енгізілсін:

8-тармақтың 12) тармақшасының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:  

«12) осы Бөлімнің шеңберінде қайта қаржыландырылған қарыздардың негізгі борышын өтеуден түсетін, Салым/Облигациялар орналастырылған күннен бастап 240 (екі жүз қырық) ай өткенге дейін түскен ақша, өтініштері:»;

 13-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«11) Банк 2021 жылғы 1 қыркүйектен кешіктірмей Өтемақы сомасы шегінде Қайта қаржыландырылған, оның ішінде конвертациялау тәсілімен қайта қаржыландырылған ипотекалық тұрғын үй қарыздары (ипотекалық қарыздар) туралы, оның ішінде талап ету құқықтары таратылатын банктен берілген қарыздар бойынша қорытынды салыстырып тексеру актісін Салым шартында (өтемақы сомасы) айқындалған нысан бойынша ҚОҚ-қа ұсынады.

Ұйым 2021 жылғы 1 қыркүйектен кешіктірмей Өтемақы сомасы шегінде Қайта қаржыландырылған ипотекалық тұрғын үй қарыздары (ипотекалық қарыздар) туралы, оның ішінде талап ету құқықтары таратылатын банктен берілген қарыздар бойынша қорытынды салыстырып тексеру актісін Банк пен Ұйымның арасында жасалған Келісімде айқындалған нысан бойынша ҚОҚ-қа ұсынады;»;

17-тармақтың 10) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Осы Бөлімнің шеңберінде қайталап қайта қаржыландырылатын қарыздар, сондай-ақ олар бойынша 2015 жылғы 18 тамызға дейін сот актісі шығарылған қарыздар және осы Бөлімнің 17-тармағы 4) тармақшасының төртінші абзацында көрсетілген қарыздар 2021 жылғы 15 желтоқсанға дейін берілген қарыз алушының/тең қарыз алушының өтініші негізінде 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін қайта қаржыландыруға жатады.»;  

17-3-тармақта:

         1) тармақшаның бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) Банк, Ұйым Бағдарламаның 8-4-тарауында көзделген қосымша көмекті Бағдарламаға 5-қосымшаға сәйкес Өтеу сомасының белгіленген лимиті шегінде өз қаражатының есебінен қоса алғанда 2021 жылғы 1 қарашаға дейін көрсетеді.

«Астана Банкі» АҚ-тың тарату комиссиясы Бағдарламаның 17-7-тармағында көзделген қосымша көмекті Бағдарламаға 5-қосымшаға сәйкес Өтеу сомасының белгіленген лимиті шегінде қоса алғанда 2021 жылғы
1
қарашаға дейін, «Астана Банкі» АҚ-тың тарату комиссиясы Агенттік шарт жасасқан Банкке өтеу сомасын ҚОҚ аударғаннан кейін көрсетеді.»;

10) және 11) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

«10) Банк 2021 жылғы 1 желтоқсаннан кешіктірмей ҚОҚ-қа Салым шартында (өтеу сомасы) айқындалған нысан бойынша Өтеу сомасын қорытынды салыстырып тексеру актісін ұсынады;

11) Өтеу сомасының лимиті Банкте орналастырылған Ұйым 2021 жылғы 1 желтоқсаннан кешіктірмей ҚОҚ пен Ұйым арасында жасалған Келісімде (өтеу сомасы) айқындалған нысан бойынша өтемақы сомасын қорытынды салыстырып тексеру актісін ҚОҚ-қа ұсынады.

Салым шарты (өтеу сомасы) үшін осы Тарауда көзделген талаптар Келісімге (өтеу сомасы) қолданылады;»;      

17-6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«1) ҚТК Негіздемелік келісімге (өтеу сомасы) қол қойғаннан кейін
қоса алғанда 2021 жылғы 1 қарашаға дейінгі мерзімде Бағдарламаның
8-4-тарауында көзделген талаптармен Өтеу сомасы лимитінің шегінде ипотекалық қарыз алушыларға қосымша көмек береді
.

ҚТК 2021 жылғы 1 желтоқсаннан кешіктірмей ҚОҚ-қа Негіздемелік келісімде (өтеу сомасы) айқындалған нысандар бойынша Өтеу сомасының шегінде ипотекалық қарыз алушыларға қосымша көмек беру туралы қорытынды салыстырып тексеру актісін ұсынады.

ҚОҚ ҚТК-ден Өтеу сомасының шегінде ипотекалық қарыз алушыларға қосымша көмек беру туралы қорытынды салыстырып тексеру актісін алғаннан кейін  ҚОҚ 10 (он) жұмыс күнінің ішінде Өтеу сомасының белгіленген лимитінің шегінде Актіде көрсетілген сомаға ҚТК Облигацияларын иеленеді.

Облигациялар иеленетін сома ұлғайту жағына қарай бүтін санға дөңгелектенеді;»;

17-7-тармақта:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

 «17-7. ХӘОТ санаты бойынша Бағдарламаның 1 және (немесе)
2-бөлімдері шеңберінде қайта қаржыландырылған, сондай-ақ олар бойынша сот актілері,  атқарушылық жазбалар немесе нотариустың берешекті өндіріп алу туралы тиісті қаулылары шығарылған, Бағдарлама шеңберінде бұрын қаржыландырылған қарыз алушылардың қарыздары бойынша Банк, ҚТК, Ұйым қоса алғанда 2021 жылғы 1 қарашаға дейін тараптардың келісімі бойынша қарыз алушылардың қаржылық және әлеуметтік жай-күйін талдаудан кейін қарыздарды қайта құрылымдау/қайта қаржыландыру рәсімдерінің аясында мынадай жақсарту талаптарын ұсынады:»;

он алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Жақсарту талаптарын ұсынуға өтінішті қарыз алушы/тең қарыз алушы Банкке, ҚТК-ға, Ұйымға қоса алғанда 2021 жылғы 1 қазанға дейін береді.»;

17-9-тармақтың он алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қаржыландыруға өтінішті қарыз алушы/кепіл беруші Банкке, ҚТК-ға, Ұйымға қоса алғанда 2021 жылғы 1 қазанға дейін ұсынады. Қарыз алушының/кепіл берушінің Банкке, ҚТК-ға, Ұйымға көрсетілген мерзім ішінде қаржыландыру туралы өтініші болмаған жағдайда Банк, ҚТК, Ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес баланста есепте тұрған мүлікті сатуға құқылы.»;

17-10-тармақта:

екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«тұрғын үйді балансқа (оның ең азы) қабылдау күніне тұрғын үйдің ағымдағы нарықтық (тұрғын үйді жалға беруге арналған өтінішті қарау күніне тәуелсіз бағалау ұйымының соңғы 6 айдағы бағалауына сәйкес) не баланстық құнының және ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) бойынша негізгі борыш қалдығының сомасы жиынтығында 50 000 000,00 (елу миллион) теңгеден аспайтын;»;

оныншы және он бірінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

«Тұрғын үйді жалға беру кезінде Банк, ҚТК, Ұйым тараптардың келісімі бойынша жалға алушыға тұрғын үйді ағымдағы нарықтық құнынан (тұрғын үйді жалға беруге арналған өтінішті қарау күніне соңғы 6 айдағы тәуелсіз бағалау ұйымының бағалауына сәйкес) не тұрғын үйді балансқа қабылдау күніне тұрғын үйдің баланстық құнынан (оның ең азы) аз құны бойынша жалға беруге құқылы. 

Ағымдағы нарықтық (тұрғын үйді жалға беруге арналған өтінішті қарау күніне соңғы 6 айдағы тәуелсіз бағалау ұйымының бағалауына сәйкес) не тұрғын үйді балансқа қабылдау күніне тұрғын үйдің баланстық құны (олардың ең азы) мен ХӘОТ-қа жататын жалға алушыға тұрғын үйді жалға берілетін құн арасындағы айырма Бағдарламаның 17-12-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес ҚОҚ-та өтелуге жатады. Соманы азайтуды жалға алушының қаржылық және әлеуметтік жағдайын талдағаннан кейін Банк, ҚТК, Ұйым белгіленген лимит шегінде жүргізеді.»;

жиырма бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

       «Тұрғын үйді жалға беруге арналған өтінішті қарыз алушы/кепіл беруші Банкке, ҚТК-ға, Ұйымға қоса алғанда 2021 жылғы 1 қазанға дейін береді. Жалға алушы Банкке, ҚТК-ға, Ұйымға тұрғын үйді жалға беру туралы көрсетілген мерзім ішінде өтініш жасамаған жағдайда, Банк, ҚТК, Ұйым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес балансында тұрған мүлікті сатуға құқылы.»;

17-11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«17-11. Ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз)/қаржыландыру/тұрғын үйді жалға беру бойынша жақсарту талаптарын қолдану туралы шешімді Банк, ҚТК, Ұйым шешім қабылдау үшін қажетті құжаттардың толық топтамасы келіп түскен күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күннен аспайтын мерзімде қабылдайды.

Қосымша көмек көрсету мәселесін қарау үшін Банкке, ҚТК-ға, Ұйымға мынадай құжаттар ұсынылады:

1) қарыз алушының (қажет болған жағдайда тең қарыз алушының/кепіл берушінің/кепілгердің) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қарыз алушының/тең қарыз алушының/кепіл берушінің/кепілгердің ХӘОТ-қа жатқызылғанын растайтын құжаттар (Бағдарламаның 1 немесе 2-бөлімі бойынша қарызды қайта қаржыландырғаннан кейін осы мәртебені алған кезде);

3)  тең қарыз алушының/кепіл берушінің/кепілгердің қарыз алушының жақын туыстарына жатқызылғанын растайтын құжаттар (қажет болған кезде);

4) қарыз алушының (қажет болған кезде тең қарыз алушының/кепілгердің/кепіл берушінің) зейнетақы жинақтарының құпиясын жария етуге сондай-ақ Мемлекеттік корпорация/өзге де уәкілетті орган/ұйым жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарының аударылатын кірістері, сондай-ақ әлеуметтік аударымдар туралы беретін ақпаратты алуға келісімі;

5) өтінішті қарау күніне қарыз алушыда, қарыз алушының жұбайында (зайыбында) жылжымайтын мүліктің болуы (болмауы) туралы тиісті уәкілетті мемлекеттік орган беретін анықтама;

6) өтінішті қарау күніне кепіл нысанасы бойынша жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы анықтама;

7) тәуелсіз бағалаушының жылжымайтын мүлікті бағалау туралы есебі. Қамтамасыз ету шартын ресімдеу сәтіне есептің мерзімі ол жасалған күннен бастап алты айдан аспауға тиіс;

 Банк, ҚТК, Ұйым қарыз алушының/тең қарыз алушының/кепіл берушінің қосымша көмек көрсетуге өтінішін қайта қараған кезде, қолданылу мерзімі өткен құжаттарды қоспағанда немесе қарыз алушының/тең қарыз алушының/кепіл берушінің/кепілгердің қандай да бір деректерінде өзгерістер болған жағдайда, құжаттарды қайта талап етуге жол берілмейді.

Банк, ҚТК, Ұйым ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) /қаржыландыру/тұрғын үйді жалға беру бойынша жақсарту талаптарын беру туралы шешім қабылдаған кезде қарыз алушыға/жалға алушыға шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жазбаша жауап жіберіледі. Ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) /қаржыландыру/тұрғын үйді жалға беру бойынша жақсарту талаптарын беруден бас тартылған жағдайда,  қарыз алушыға/жалға алушыға шешім қабылданған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бас тарту себептері көрсетілген жазбаша жауап, сондай-ақ Комиссия туралы ақпарат жіберіледі.

Банк, ҚТК, Ұйым қарыз алушымен/жалға алушымен қарыз шартын (қосымша келісім/татуласу келісімі)/Жалдау шартын ипотекалық тұрғын үй қарызы (ипотекалық қарыз) /қаржыландыру/тұрғын үйді жалға беру бойынша жақсарту талаптарын беру туралы шешім қабылданған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жасайды. Бұл мерзім Банкке, ҚТК-ға, Ұйымға тәуелсіз себептермен шарт жасасуға кедергі келтіретін жағдайларға қолданылмайды.»;

17-14-тармақта:

11) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

«11) ҚТК қоса алғанда 2021 жылғы 1 қарашаға дейін жалға алушыларға «Астана Банкі» АҚ-тан және «БТА Банкі» АҚ-тан сатып алынған тұрғын үйді жалға беруді жүзеге асырады;»;

13) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«13) ҚТК 2021 жылғы 15 қарашаға кешіктірмей ҚОҚ-қа Негіздемелік келісімде айқындалған нысан бойынша жалға берілген тұрғын үй туралы Салыстырып тексеру актісін ұсынады.»;

17-15-тармақтың 12) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Жалдау шартында жоғарыда көрсетілген талаптар қамтылуға тиіс. Тұрғын үйді жалға беруге арналған өтінішті жалға алушы ҚТК-ға қоса алғанда 2021 жылғы 1 қазанға дейін ұсынады.»;

18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«18. ҚОҚ Бағдарламасы талаптарының іске асырылуын мониторингтеу мақсатында жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 31 қаңтарына дейінгі мерзімде, сондай-ақ қосымша ҚОҚ акционерінің сұратуы бойынша Агенттік оларға Бағдарламаны іске асыру туралы ақпарат ұсынады.».

2. Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне жіберсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасы

Қаржы нарығын реттеу және дамыту

агенттігінің Төрағасы                                                       М. Әбілқасымова

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі
Қазақстан Қаршыгерлер Қауымдастығы
Бірінші кредиттік бюро
Сақтандыру Омбудсманы
Ресей Федерациясының Қаржы омбудсмені