Осы уақыт ішінде институт қарыз алушы-жеке тұлғалар мен банк ұйымдары, сондай-ақ коллекторлық агенттіктер арасындағы келіспеушіліктерді реттеуге жәрдемдесіп келеді. Әрбір өтініш қолданыстағы заңнама мен шарт талаптарына сәйкес қаралып, тараптардың құқықтары мен заңды мүдделері ескеріледі.
Бұл — үлкен тәжірибе, сенім мен тұрақты қызметтің нәтижесі.
Алдағы уақытта да қаржылық қатынастарды әділ әрі ашық ету жолында жұмысымызды жалғастырамыз.




