Өтінішті беру тәртібі
Қажетті құжаттар тізімі
Банк Омбудсманына жүгіну үшін қарыз алушы (қосалқы қарыз алушы, кепіл беруші) ұсынуы қажет құжаттардың тізбесі:
- Туындаған келіспеушіліктің барлық мән-жайлары мен себептерін толық көрсете отырып, Банк омбудсманының атына жазбаша өтініш.
- Банктік қарыз шарты– тараптардың міндеттемелері туындайтын негізгі құжат.
- Шарт талаптарына сәйкес төлем мерзімдері мен сомалары көрсетілген берешекті өтеу кестесі.
- Егер шарт талаптары өзгертілген, толықтырылған немесе ұзартылған болса, соған қатысты барлық қосымша келісімдер (бар болған жағдайда).
- Қарыз мүлікті кепілмен қамтамасыз етілген жағдайда кепіл туралы шарт (бар болған жағдайда) және оған қосымша келісімдер.
- Қарыз мүліктің кепілмен қамтамасыз етілуіне байланысты жасалған Кепіл шарты және оған қосымша келісімдер (бар болған жағдайда)
- Келіспеушіліктерді реттеуге бағытталған әрекеттерді растау үшін банкке немесе коллекторлық агенттікке жүгінгені туралы жазбаша дәлелдемелер (өтініштер, хаттар және т.б.)
- Банк немесе коллекторлық агенттік тарапынан берілген, қарыз алушының өтінішіне бас тарту немесе қарсы ұсынысты қамтитын ресми жауаптардың көшірмелері.
Қосымша ұсынылатын құжаттар (бар болған жағдайда):
- Табысы төмендеген немесе жұмысынан айырылған жағдайда: БЖЗҚ-дан соңғы 6–12 айға арналған үзінді көшірме; жалақы мөлшері туралы анықтама; жұмыстан босатылғаны туралы бұйрық; жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы анықтама; басқа да растайтын құжаттар.
- Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 68-бабына сәйкес Әлеуметтік осал топқа (ӘЖОТ) жататынын растайтын құжаттар:
- Асырауындағы адамдар бар екенін растайтын құжаттар: балаларға, мүгедектігі бар жандарға, зейнеткерлерге қатысты құжаттар.
- Денсаулығына байланысты құжаттар: медициналық қорытындылар, анықтамалар, амбулаторлық карталардан үзінді көшірмелер, емдеуге кеткен шығындар туралы құжаттар.
- Назар аударуға лайық өзге жағдайларда: жылжымайтын мүліктің бар/жоқтығы туралы анықтама; тұрғын үйді жалдау шарты; БКБ/МКБ-дан алынған кредиттік есеп; өзге де маңызы бар құжаттар.
Аталған құжаттарды толық әрі дәл ұсыну өтінішті қарау процесін жеделдетеді және банкпен немесе коллекторлық агенттікпен туындаған даулы мәселелерді тиімді шешуге ықпал етеді.
