28-29 қазанда Ереван қаласында Банк омбудсманы кеңсесінің қатысуымен Армения Республикасындағы қаржы жүйесінің Бітімші кеңсесінде «Төртінші өнеркәсіптік революция және қаржы нарықтары» Халықаралық конференциясы өтті.
Конференция барысында қаржы секторының дамуындағы жаңа тенденциялар мен жасанды интеллект және машиналық оқытуды қаржы секторында қолдану туралы айтылды. Жасанды интеллектің адаммен өзара байланысы кезінде туындайтын мәселелерді реттеу қажеттілігі және Жасанды интеллекттің адам және қаржы-несие ұйымдары арасында туындайтын келіспеушіліктерді реттеуге рұқсаты қарастырылды. Сондай-ақ, Жасанды интеллектті сақтандыру саласында мәселелерді қарастыру барысында қолдану, қаржы нарығында қабылданған шешімге тек жасанды интеллектің қатысу тәуекелдері талқыланды.
Қазақстан Банк омбудсманының кеңсесімен, Сақтандыру омбудсманы және ҚР Ұлттық Банкінің әртүрлі департаменттерімен ұсынылды.